Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы аудандық ІІБ-нің алдында, яғни қоғамдық орында өзінің шеккен темекісінің қалдығын белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластау дерегі бойынша аудандық сотта А. Караджановқа қатысты әкімшілік ісі қаралған.
Сот, құқық бұзушының өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінуін ескеріп, сотпен жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылуына байланысты, құқық бұзушыны ҚР-ның ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш 22690 теңге айыппұл салынды.
Көрнекі сурет telegraph.co.uk алынды.