Еліміздің барлық соттары 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті негізге алып жұмыс істеуде. Аталған кодекстің 737 бабына сай,әрбір істің мән- жайларын уақытылы,жан-жақты,толық және обьективті анықтау және осы кодекске сәйкес шешу іс жүргізудің неізгі міндіті болып табылыды. Іс жүргізу тілі сот ісін жүргізуде зор маңызға ие. Республикамызда әкімшілік істер бойынша іс жұргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал қажет болған кезде іс жүргізуде орыс тілі немесе басқада тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде бұл туралы ужәжді қаулы шығарылады. Өтініш хат жазбаша түрде беріледі және ол дереу қарауға жатады.Дереу қарау мүмкін болмаған жағдайда өтініш хат түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс. Аталған үш тәулік мерзім жаңа кодексте сай енгізілген. Сондай-ақ,өтініш хатқа қатысты шешім ұйғарым түрінде шығарылады, ол өтініш хатты берген адамның назарына жеткізіледі.
Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайдың біреуі болған жағдайда,сондай-ақ, әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезде іс өндірістен қысқартылуға тиіс. Бұрынғы кодекстің 646-бабында көзделген жағдайлар орын алғанда істі кемшіліктерді жою үшін қайтарған болсақ, қазіргі жаңа кодексте ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Әрбір істі барынша толықтырып,анықтайтын заттың бәрін сот қарауында тәртіппен отыратыны белгілі. Бұл ретте хаттама жасақталатындықтан,уәкілетті орган өкілдері хаттаманы барынша сауатты, ұқыпты жасау қажет. Хаттама жасаудың жөні осы екен деп формаға сәйкес келмейтін,сауатсыз хаттама дайындайтындарды жиі көріп жүрміз. Сондықтан, саны үшін емес, сапа үшін жұмыс істеуді қолға алатын уақыт жетті деп ойлаймын.
Өзіне тікелей қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамға оның құқықтарын бұзу болып саналады. Осыған орай,құқығын түсіндіргені туралы арнайы қолхат алынуы шарт. Тәжірибеде құқығын түсіндірместен түсініктеме беруі қажеттігін айтпастан хаттамаға «бас тартылды» деген сөзді қосып жіберетін жағдайлар кездесіп жатады.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 745-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтан дене жарақатын алған мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген жеке немесе заңды тұлға жәбірленуші болып табылады. Жәбірленуші істің барлық материалдарымен танысуға түсініктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға,өтініш хаттар мен қарсылықтар мәлімдеуге, өкіл ұстауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкімшілік іс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзіне осы кодекспен берілген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы. Алайда жәбірлеушінің кейбір әкімшілік іс жүргізу барысында құқықтың статусы төмендеп бара жатыр ма деген ойға қалатынымыз бар. Айталық бәз біреуден балағат естіп, қорлық корген адам полицияға арыз берген жағдайда сақшылардың қарсы тарапқа да қарымта арыз жаздырып формалды түрде екі іс әкелу фактілері кездеседі. Яғни, аталған әкімшілік істі азаматтық іске айналдырғысы келеді. Түпкі мақсат-біріншінің әрекетін мейлінше азайтып корсету. Әрине бұл дұрыс емес. Біз осындай қолдан жасалған жасандылықтарды шешуге тырысамыз.
Болат Пазылов
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы