Қазіргі таңда Ақтауда 136 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақтаудағы 136 бейнебақылау камерасының 47-сі - көше қиылыстарында, 30-ы - аулаларда, 20-сы - теңіз жағалауында, 25-і - қоғамдық орындарда, 14-і - арнайы ғимараттарда орнатылған
Бейнебақылау камераларының көмегімен осы жылдың 9 айында 17582 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Ал, өткен жылы осындай уақытта 16 176 құқық бұзушылық анықталған екен.
Биыл анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтың басым бөлігі жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты. Бейнеамералар тоғыз ай ішінде 12 133 рет жолда жүру ережесін тіркеген екен. Сондай-ақ 612 ұсақ бұзақылық анықталған. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 1 344 рет айыппұл салынған. Қалған әкімшілік құқық бұзушылықтар - 3493
Айта кетерлігі, облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығы 2008 жылы құрылған. Ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты, бұл орталық 2013 жылы Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының құрамына өткен.
Қазір мұнда 12 бейнебақылау операторы қызмет етеді. Орташа есеп бойынша 9 айдың ішінде 1 бейнебақылау операторы 1 465 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Сурет video.tcb-spb.ru алынды