Құрметті Ақтау гарнизоны әскери сотының ұжымы!!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймын!
Конституция – Қазақстанның өркендеуі мен тұрақтылығының негізі, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің тұрғындарының болашағы барлық азаматтардың құқықтарын, заң алдындағы теңдігін толық қамтамасыз етумен, азаматтық келісім мен бейбітішілікті сақтаумен байланысты.
Ата Заң мерекесінде сіздерге қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ, еліміздің, мемлекетіміздің дамуы жолында қажымай, талмай еңбек етулеріңізге тілектестік білдіремін.
Ануар ЖӘНІБЕК,
Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің
Маңғыстау облысындағы тілшісі