©
Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру және «Сот кабинеті» жүйесін пайдаланушылардың санын арттыру мақсатында Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат 2025 әскери бөлімінде орналасқан әскери бөлімнің жеке құрамына түсіндірме жұмысын өткізді.
Кеңсе меңгеруші Ж.Қолғанат қатысушыларға «Сот кабинеті» жүйесі арқылы азаматтар талап арыз беруге, электрондық арыздың сотқа жолдау тәртібі, өтініш, шағым және электрондық түрдегі өтініштерді беруге болатындығын түсіндірді.
Сонымен қатар, кеңсе меңгеруші сот өндірісінде инновациялық технологияның кең қолданатынын атап өтіп, смс-хабарлама, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, электрондық гибридтік пошта, сот кабинеті, сот отырыстарында аудио-бейне жазба қолдану, т.б. туралы ерекшеліктере тоқталды.
Әскери қызметшілер өздеріне қызықты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Е.А.АЛИМБАЕВ,
2025 әскери бөлімінің өкілі