Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жылы 30-шы тамызда Республикалық референдумда қабылданды. Ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы өзінің ата-бабасы мекен етіп келген тарихи қазақ жерінде мемлекеттігін құрып, еркіндік, теңдік, татулықты мұрат тұтқан бейбіт азаматтық қоғамда, әлемдік қоғамдыстықта лайықты орын алып, болашақ ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілікте болып, егемендік еліміздің құқықтары негізінде осы Конституциямыз қабылданған болатын.
Конституция, еліміздің ең маңызды саяси – құқықтық құжаты болып табылады. Бұл өмір сыннан өтіп өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Тәуелсіз еліміздің негізгі заңы, халқымыздың құқықтық мәдениетінің негізін қалаған, қоғамыздың одан әрі даму деңгейіне сәйкес келетін құқықтық гуманитарлық тұжырымдамасы бола білді. Сөйтіп, Конституциямыз еліміздің бүкіл нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз етіп мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарының, жеке азаматтардың қызметін заң аясында жүзеге асыруына негіз қалады. Қазір қоғамыздағы барлық құқықтық міндеттер осы негізгі Заң – Конституция негізінде жүзеге асуда. Қалыптасқан түрлі қарым-қатынастар осы Конституция арқылы реттеліп отырады. Мұнда мемлекеттік органдар қызметінің бірынғай жүйесін қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Бұл негізгі заңымыздың ең басты талабы.
Конституциямыздың 1-ші бабына сәйкес еліміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады. Оның ең басты құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Ал, ол құндылықтарды қадағалау, адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен заңды тұлғалардың, азаматтардың мүддесін қорғап заңдылықтың сақталуын қадағалап, қаматмасыз ету – прокуратураның міндеті.
Прокуратура органы өз міндеттерін әрдайым адал атқарып, абыройымен орындап келеді.
Республикамызда демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықаты, адам мен азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілді. Мұның нәтижесінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуға, қол жетті.
Тағы оқыңыздар: Бекмұрат Жүсіпов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалдыКонституциямыз қабылданғаннан бері өткен жиырма екі жыл тәуелсіз мемлекетіміз үшін оның әр бір азаматы үшін аса маңызды кезең.
Ал, прокуратура органы осы кезең ішінде өз міндетін абыройымен атқарып, ел Конституциясын берік ұстанып, оның талаптарын өмірге енгізіп, қоғамдық дамуды одан әрі нығайтуда әрдайым алғы сапта болды.
Ата заңымыз белгілеп берген міндеттерді жүзеге асырып, абыройымен атқару алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болатына сенімдіміз.
Айнұр ДҮЙСЕНОВА,
Маңғыстау облысы прокуратурасының
4-Басқарма прокуроры