Жекеше айыптаушы А. сотқа берген шағымында Т. азаматы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-бабымен айыптап, шағымда 2017 жылы 19 мамыр күні сағат 10:00 шамасында, Мұнайлы ауданы, Баянды 3ауылы №60 үйде азамат Т. және енесі ұрып-соғып, дене жарақатын салғанын көрсетіп, басты сот талқылауында жекеше айыптаушы А.Абу, сотталушы С.Таубаевқа қатысты жекеше айыптау ісі бойынша медиация тәртібімен өзара бітімгершілік келісімге келгенін, қазіргі таңда оған қоятын талап тілегі жоқ екенін, сондықтан оған қатысты қозғалған жекеше айыптау ісін тоқтатуды сұрады.
Сот, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-бабымен сотталушы Таубаев Сабыр Назаровичке Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігін қолданып, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс жүргізу тоқтатылсын.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі