Ақтау гарнизоны әскери сотымен 24.02.2016 жылы талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «2201 «А» әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер С-дан 872.473 теңге мемлекетке келтірілген шығынды өндіру жөніндегі азаматтық іс қаралды, Сотта анықталғандай жауапкер 2015 жылдың 10 наурыз күнгі «2201 «А» әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының шешімімен әскери қызметші сержант С қызметтік тұрғын үй алуға кезегіне қойылып, оған қызметтік тұрғын үйдің орнына жалпы соммасы 872473 теңге ақшалай өтемақы төлеген, одан қызметтік тұрғын үйге кезекке тұрғандарды тексеру барысында жауапкердің Ақтау қаласы, 29 шағын аудан, 31 үйдің, 15 пәтерімен, яғни мемлекеттен екі бөлмелі пәтермен қамтамасыз етілгені анықталған, сондықтан «2201 «А» әскери бөлімі жауапкерден мемлекетке келтірілген 872.473 теңге шығынды өндіруді сұраған. Жауапкер талап арызға келтірген қарсылығында талапкердің талабын мойындап, «2201 «А» әскери бөлімге келген шығынды сот шешімімен төлейтінін көрсеткен. Сот шешімімен талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «2201 «А» әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер С-дан 872.473 теңге мемлекетке келтірілген шығынды өндіру жөніндегі талабы қанағаттандырылды.
Гүлсім МӘТЖАНОВА Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы