Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың кезекті дерегінің жолын кесті. Бұл туралы mangystaumedia.kz агентіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қала тұрғыны Қ.Қоштаев жеке компьютерлерді лотерея аппараттары түрінде Рахат шағын ауданы, Н.Тілендиев көшесі, 21/3 ғимарат мекенжайы бойынша орналастырған.
Тексеру барысында компьютерлер мен теледидарлар тәркіленді.
Қ.Коштаевқа 1,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
ҚМА үй-жайларды жалға берушілердің де үй-жайды заңсыз ойындар немесе автоматтарға ұсынғаны үшін ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Жалға берушілер қылмыстық жауапкершіліктен қалай құтыла алады?
Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 708 478 сенім телефонына хабарлассаңыз жеткілікті:
Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/
Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/