Бүгінгі еліміздегі өзегі ащы мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес. Аталған тақырып Елбасы назарынан да тыс қалған емес. Кешегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне айрықша мән берілген. Оған дәлел Елбасымыз Н.Назарбаевтың мына сөздері болмақ. Ол «Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды. Менің Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды. Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр. Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады», деп атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа деген жауапкершілік артып, нақты батыл қадамдар жасалынуда.
Маңғыстау облысының соттарында сыбайлас жемқорлық мәселелерімен күрес жұмыстарын Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі жүргізеді.Ұлт Көшбасшысының халық пен қоғам алдына қойған тапсырмалары аясында, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары мен 2014 жылы 26 желтоқсанда Елбасы бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттерін қоғаммен ықпал¬дастықта күшейте отырып, жем¬қорлыққа қарсы жаңа бағыттары бойынша Маңғыстау облысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарда шараларды өткізу дәстүрге айналған. Соттарда 2016 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарға сай бірқатар жұмыстар атқарды десем артық айтқаным емес.
Қазіргі кезде сот ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты арыз шағымдарға арналған арнайы жәшіктер орнатылып және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта плакаттар ілінген.
Аталған бөліммен 2016 жылы облыстық сот ғимаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қатысуымен барлық сот қызметкерлеріне семинар сабағы жүргізілді.
Әр тоқсан сайын жергілікті соттарда Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» семинар сабақтары мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында судьялар мен сот қызметкерлеріне семинар – кеңестері және түсінік жұмыстары жүргізіліп отыр. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бастамасымен 2016 жылдың 19 ақпаны күні аудандық және оған теңестірілген соттардың сот приставтарына семинар сабағы өткізіліп, шарада жоғарыда аталған бөліммен дайындалған сот приставтарына қажетті жаднама таратылды. Бүгінде Маңғыстау облыстық сотында сенім телефондары жұмыс істеп тұр. (8 7292 (70 – 14 - 09), (8 7292 (70- 14 - 46) .
Таңсұлу АЛИКАНОВА, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы