Маңғыстаулық онколог мамандар тұрғындарды өз денсаулығын тегін тексертіп, дәрігерлерден ақысыз ақыл-кеңес алуға шақырады. 3 ақпанда облыстық онкологиялық диспансерінде «Ашық есік» күні өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz диспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ашық есік» күні тұрғындар хирург, онколог, онкогинеколог және маммолог мамандарының қабылдауына кіріп, соңғы үлгідегі медициналық құрылғылар көмегімен тексерістен өту мүмкіндігіне ие болмақ.
- Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз, өйткені қатерлі ісік аса қауіпті дерт. Оны ерте сатыда анықтаудың маңызы зор,- деді диспансер өкілдері.
Айта кетейік, тұрғындар 3 ақпан күні таңертеңгі сағат 09.00 түскі 13.00 дейін келе алады.
Облыстық онкологиялық диспансерінің мекен жайы: Ақтау қаласы, 1 «А» шағын ауданы, 3- ғимарат.
Анықтама үшін ұялы телефоны: 8(708) 604 24 92.