Маңғыстау аймағында былтыр 1 қазаннан бастап күні бүгінге дейін 13 633 адам ЖРВИ және грипппен ауырған. Өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда (12 150 жағдай, көрсеткіші – 1563,77) ауру деңгейі 9,4 пайызға өскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұмау жағдайлары Маңғыстау облыстық санитариялық эпидемиологиялық сараптау орталығының вирусология зертханасында полимеразды тізбек әдісімен (ПТР) анықталды.
Облыс көлемінде биылғы эпидемиологиялық маусымда 342 адам полимеразды тізбек (ПЦР) әдісімен тексеріліп, 119 грипп вирусы - А/H3N2 анықталды, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші - 14,93. Өткен эпидемиологиялық маусыммен (101 жағдай, көрсеткіші – 12,99) салыстырғанда ауру деңгейі 1,2 есеге жоғары.
Тұмау емес инфекцияларға полимеразды тізбек әдісімен 187 адам тексеріліп, 60 жағдай оң нәтиже берді, оның ішінде аденовирус-14, РС – 17, парагрипп 3 – 2, парагрипп 4 – 1, риновирус – 18, короновирус – 5, метапневмовирус – 2, боковирус -1.
«Тұмау ауруымен күрес жыл сайын тікелей облыс әкімдігінің қолдауымен жүргізілуде. Бұл ауруға қарсы егу үшін жыл сайын тұрақты түрде жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Биылғы жылы қыркүйек айында тұмау ауруына қарсы вакцинаға жергілікті бюджеттен – 88 млн. 321 мың 500 теңге қаражат бөлініп, 90 000доза көлемінде «Гриппол плюс» вакцинасы (өндіруші елі – Ресей) алынды. Тұмауға қарсы вакцинамен барлық облыс тұрғындарының 11,6 %-ын егумен қамтылды», - деді Маңғыстау облыстық санитариялық эпидемиологиялық сараптау орталығының мамандары.
Тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы алдын алу шаралары кешенінде вирусты аурулардың алдын алудың екі негізгі тәсілі пайдаланады: арнайы профилактика (вакцинация) және арнайы емес.
ЖРВИ-дің және тұмаудың арнайы емес профилактикасы: Ауырған адамдармен (балалармен) қарым-қатынасты шектеуіңіз қажет. ЖРВИ-мен, тұмаумен ауырған жағдайда үйде болғаныңыз абзал.
ЖРВИ-дің және тұмаудың алдын алудың мынадай қарапайым шараларын сақтау маңызды:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тұмаудың алдын алудың едәуір тиімді әдісі аталған эпидемиялық маусымда едәуір өзекті болып табылатын тұмау вирустарынан және олардың құрамына кіретін вирустардан қорғауды қамтамасыз ететін вакцинация болып табылады. Вакцинация әсіресе тәуекел топтардағы – балаларға, қарт адамдарға, жүкті әйелдерга, созылмалы жүрек және өкпе аурулары бар науқастарға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне жасалады.