• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

8 сәуір күні Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады...

«Ардагерлерге құрмет»: Бозжыра шатқалына саяхат...

Ақтауда тұрғындарды вакцинациялау жүріп жатыр...

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

  • USD: 430.39 ₸
  • EUR: 515.52 ₸
  • RUB: 5.68 ₸

Ізденімпаздық іздері: өңештегі тиынды отасыз алған бейнеулік дәрігер

[ 2019 ] 18 маусым, 11:28  |  Денсаулық

Соңғы кезде «Есімі елге таныс дәрігер бір балақайдың ойнап жүріп, жұтып қойған тиынын аудандық ауруханада өңештен әп-сәтте алып, нәрестенің өмірін сақтап қалыпты. Бұрын мұндай оқыс оқиғаға тап болған ауруды Ақтауға жолдап, сабылтып қоятын. Қазіргі дәрігерлеріміз осал емес екен» дейтін әңгіме ел арасында жиі тілге алынады. Құлағымызға шалынған тосын хабардың анығына жеткенше тағат таппайтын әдетіміз бойынша интернетті ақтарып, ақ халаттылардан сұрап жүріп, ақыры дәрігерді таптық. Ол хирург, анестезиолог-реаниматолог дәрігер, бүгінгі таңда Бейнеу аудандық аурухана директоры міндетін атқарушы Берік Алдоңғарұлы Абдуллаев екен. - Қолым жұмыстан сәл босаған шақтарда интернет ақтарамын. Осындай сәтте шетелдің дәрігерлері кішкентай балақайға ка­тетер жұтқызып, өңеште тұрып қалған тиын­ды арнайы аппаратура көмегінсіз алу әдісін көрсеткен бейнежазбасына көзім түспесі бар ма? Бейнежазбаға қарасам, бұл испан еліндегі әріптестеріміздің жаңалығы секілді. «Мұндай оқыс оқиға бізде де талай кездесіп жүр ғой. Оларды Ақтауға жіберуден өзге шара таппай жүрген жоқпыз ба? Ендеше үйренуім керек» деген оймен осы әдісті қолдануға жат­тықтым. Бір күні ойнап жүріп, жұтқан тиыны өңешіне тұрып қалған екі­-үш жастағы сәбиді аурухананың қабылдау бөліміне алып келді. Әріптестерім «Баланы шұғыл түрде Ақтауға жеткізу керек» деген пікір білдіргенде мен «Тиынды өзім-­ақ алып тастайыншы» деп, интернеттегі әдісті қолдануға тәуекел еттім. Ауруханадағы фолей катетері деп аталатын аспаптың жіңішке резеңке түтігін жұтуға ба­ланы көндірдік. Алдында рентген қағазынан көрген суретіміз бойынша түтікше ұшы тиын тұрған тұстан өткеннен кейін оның екінші ұшынан су құйдық. Құйылған су өңештің іші­не енген түтіктің екінші ұшына барғанда ол домаланып, үлкейіп, өңештің қабырғасына тығыз тиген кезде түтікті жайлап жоғары тарт­тым. Күткеніміздей болды, резеңке түтіктің домаланып үлкейген ұшы тиынды алып шықты. Баланың анасы шексіз қуанды­-ау сол кезде. Сол кездегі іс-­шараны бір әріптесім ұялы телефонына түсіріп алыпты. Сәтті шыққан алғашқы тәжірибем осы­лайша әлеуметтік желіде лезде тарап, бүгінгі таңда облыстық деңгейдегі әріптестеріміз эндоскопиялық әдістің орнына қарапайым әрі оңай осы әдісті қолданып жүр, - ­деді Берік Алдоңғарұлы. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенті болған жылдарында Берік Алдоңғарұлы әрісі Ресей, берісі Қазақстанға танымал академик—хирург, хирургия этикасы мен деантологиясы бойынша жүйелі ғылыми еңбектердің авторы Намаз Ізімбергеновтің кафедрасында білім алды. Медицина саласы бойын­ша терең білімге ие, жүзінен ерекше нұр төгіліп тұратын ұстазының «Дәрігер елдің сүйікті азаматы болуға барын салуға міндетті» дейтін сөзі Беріктің жүрегіне біржолата сіңіп, өмірінің темірқазығына ай­налды. Университеттің емдеу ісі факультетін бітіріп, Қызылорда облыстық ауруханасының хирургия бөлімінде өткізген бір жылдық интернатурада тәжірибелі әрі білікті хи­рург ­дәрігерлер Шынжырбай Оразмаха­нов, Абдулла Шүленбаев пен Мылтықбай Рысмахановтың тезіне түсіп, жақсы дәрігер болып қалыптасты. 2005 жылы аудандық ауруханада хирург-дәрігер болып алғашқы еңбек жолын бастады. Ол жылдарда ауруханадағы жалғыз анестезиолог-дәрігер Айдарбек Берікке «Дәрігерлер бөлмесінде отырғаныңда қолыңнан кітап түспесін» деп ақылын жиі айтатын. Ол шынайы дәрігер, аяу­лы азамат еді. Ел сеніміне лайық жұмыс жасап жүріп, тағдыр жазуымен өмірден ерте озды. Сол кездегі аурухана басшысы Б.Абаев: «Енді Айдарбектің жұмысын сен жалғастырасың» деп ұсыныс жасағандай бұйрық райда айтқан сөзінен кейін Берік Алдоңғарұлы Алматыдағы дәрігерлердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында оқып, анестезиолог­реаниматолог мамандығын алып келіп, осы мамандық бойынша қызметін жалғастырды. Ол жылдарда ауруханада хирургия бөлі­мінде жылына орта есеппен 300­-400 науқасқа ота жасалып жатса да жансақтау бөлімі жоқ еді. Бір бөлім атқаруы тиіс міндеттер жалғыз анестезиолог-­реаниматолог дәрігер Берік Алдоңғарұлының еншісінде болды. Әрбір науқасты ажал тырнағынан аман алып қалу жолында бір бөлім әрең атқаратын қызметті бір дәрігер атқару дегенің оңай шаруа емес, сондықтан ол жаз бен қыстың көп күндерін ауруханада өткізді. Ауруларды қараудан қолы босай қалса, қопыраған қағаздарға шұқшиып, екі-­үш жылға дейін еңбек демалысын алмай қызмет жасады. - 2009 жылы ауруханаға анестезиолог­-реа­ниматолог дәрігер мамандығын иелен­ген екі жас жігіт қызметке келгенде мен ере­кше қуандым. Кезінде маған ұстаздарым көрсеткен өнеге бойынша оларға ұстаздық ет­тім. Олар­ Мұхтар Жандәулетов пен Сағадат Бөлтековтер бүгінгі таңда аурухананың жан сақтау бөлімінің беделді дәрігерлері,­ - дейді Берік Алдоңғарұлы.­ - Айтпақшы, 2015 жылы көптен көкейімде жүрген мәселені іске асыруға бел шеше кірісіп, жансақтау бөлімін ашуға тікелей араластым. - Сол жылдарда хирургия бөлімінен трав­мопункт ашылуына, бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын жандарға қызмет көрсететін гемоди­ализ бөлімінің өмірге келуіне атсалыстыңыз. Оңды істеріңізге ел риза болды. Бүгінгі таңда аурухана тізгіні қолыңызға тиіп отыр. Ел ізденімпаз дәрігер деп танитын мамансыз. Ау­рухананы жаңа белестерге көтеру бойынша қандай жоспарларыңыз бар?­ - деп сұрадық одан. - Аурухана ұжымына мен басшы болайын немесе өзге біреу келсе де қолға алу­ды күтіп тұрған мәселелер баршылық. Ауруханамыздың негізгі бөлімдері мен халық теміржол ауруханасы деп атай­тын емхана үш қабатты ғимаратқа орналасқан, бірақ екеуінде де шахта бар, лифт жоқ. Мүгедектер, қариялар, денсаулығы нашар жандар екінші, үшінші қабатқа көтеріліп, түскен кезде қатты қиналады. Қазір дәрігерлеріміз ескірген аппаратуралармен жұмыс жасап жүр. Осы аппаратуралар түгел жаңаланса, дәрігерлік қызметтің сапасы артар еді. Ең бастысы, ауруханаға компьютерлік томография аппаратурасын алып келу өте қажет. Осы аппаратура қолымызға тисе, ауруларға қазіргіден мүлде жоғары, анық диагноз қою мүмкіндігі пайда бо­лады. Әрине, медициналық аппара­туралар, олардың арасында компьютерлік томография жасайтын аппаратураның бәсі қымбат. Сондықтан бұларды бірден сатып алуға бюджет қаржысы жетпеуі мүмкін. Бірақ бүгінгі таңда қаржы табудың жолдары бар ғой. Міне, осы негізгі мәселелерді кешіктірмей, оң шешімін тапқан күнде дәрігерлердің ауру­ды анықтау, емдеу қызметінің жаңа сатыға көтерілетіні анық,­ - дейді Берік Алдоңғарұлы бұл саланы өрге сүйреуге ықыласы зор екенін танытып. Иә, Берік Алдоңғарұлы - Бейнеу ауданының денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қоссам дейтін азаматтардың біреуі. Осы салада 14 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан дәрігердің еңбек жолында ізденістер­ге толы іздері сайрап жатыр. Ізденімпаз азаматтың еңбегі елеусіз, ескерусіз қалып жатқан жоқ. Біздің бұл пікірімізді оның облыс әкімінің Алғыс хатымен «Шекара қызметіне — 20 жыл» медалі және «Бейнеу ауданына – 45 жыл» төсбелгісімен марапатталуы нақтылай түспек. Бүгінгі таңда 114 дәрігер, 400-дің үстінде медбике, 400-ге жуық техникалық қызметкерлер қызмет атқаратын орталық ау­рухана ұжымында жалғыз Берік Алдоңғарұлы емес, әрбір қызметкердің бойында халық ден­саулығы жолында қалтқысыз қызмет жасау ұстанымы байқалады.

Қартбай ҚОЖАЕВ

849
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
денсаулық аудан тынысы бейнеу
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тәулік бойы тыным таппайтын абзал жандар

Келесі жаңалық

Маңғыстауда құдыққа құлап кеткен балалар құтқарылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бейнеуге 1 000 дана «Спутник V» вакцинасы жеткізілді

    26 наурыз, 15:43
    972

    Бейнеуде денсаулығына алаңдайтындар көбейіп келеді

    16 наурыз, 15:58
    1043

    Бейнеу аудандық ауруханасына орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды

    [ 2020 ] 19 қазан, 14:38
    1599

    Бейнеудегі орталық аурухананың асханасына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

    [ 2020 ] 28 қыркүйек, 11:01
    1083

    Коронавирус жұқтырған маңғыстаулық бейнеүндеу жасады

    [ 2020 ] 28 мамыр, 10:55
    2018

    Ізденімпаздық іздері: өңештегі тиынды отасыз алған бейнеулік дәрігер

    [ 2019 ] 18 маусым, 11:28
    850

    Рубрикалар

      Сараптама Хабарландыру Қазақстан жаңалықтары Анықтама бюросы Маңғыстау жаңалықтары Мәселе Фото Астана - 20 Байқау Саясат Жаңалықтар Экономика

    Автордың басқа да жазбалары

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    327

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    328

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    932

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    468

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    274

    Балықшылар демалыс орны бой көтереді

    11 ақпан, 16:00
    310

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»