2016 және 2018 жылы туған екі ұл бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 30 маусым күні, шамамен 18:00-де Мұнайлы ауданынан облыстық балалар ауруханасына "суға бату және өлімге әкеп соқпау" диагнозымен 2016 жылы туылған бала жеткізілген. - Аурухананың қабылдау бөліміне келген кезде дәрігерлер баланы бірден жан сақтау бөлімшесіне салды. Бала бір тәуліктен астам уақыт комада жатты, бақытымызға орай реаниматологтар кома күйінен шығарып алды. Қазіргі уақытта бала өзін жақсы сезінеді, ем алып жатыр, - деп мәлімдеді МО Денсаулық сақтау басқармасы. Баланың ата-анасының айтуынша, оны құдықтың ішінде тапқан, ол жерде қанша уақыт өткізгені белгісіз. Анологиялық оқиға 03 шілде күні болған. Сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінен өтіп жан сақтау бөліміне, "суға бату және өлімге әкеп соқпау" диагнозымен 2018 жылы туылған бала жеткізілген. Баланың ата-анасының айтуынша, Тельман кентінде орналасқан үйде бала құдыққа құлап кеткен.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ