Сарып (бруцеллез) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспей, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы — әр түліктің өзіне тән 6 түрге бөлінетін микробтар.
Індеттің ерекшеліктері өзгеше. Оған адам және 60-тан астам жабайы, үй жануарлары бейім болады. Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған жануарлар жатады.
Сиыр желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталады. Диагноз қою кешенді түрде індеттанулық, клиникалық, аллергиялық және соңғы нақты нәтиже зертханалық тексеру қорытындысымен қойылады.
Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, тез арада оқшауланып, сойылуы тиіс. Маңғыстау облысы көлемінде бруцеллез індетінің алдын алу және болдырмау мақсатында жыл сайын тұрақты іс-шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ, барлық мал басы тұрақты түрде жылына екі рет зертханалық тексеруден өтіп, ауруы анықталған жануарлар санитарлық сойысқа жіберіліп отырады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда ана мен бала орталығы ашылмақАурудың алдын алу үшін ең бастысы - сырттан инфекция қоздырғышын әкелдірмеу және негізгі ветеринариялық-санитарлық талаптарды орындау. Шаруашылыққа сырттан әкелінген малды міндетті түрде 30 күн карантинде ұстап, осы уақыт ішінде биоматериалдарды (қан сарысуын) зертханалық тексерулерден өткізу қажет.
«Ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, әрбір адам мал шаруашылығында немесе мал шаруашылығы өнімдерін тұтынғанда жеке бас гигиенасын, ветеринариялық-санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
А.ШАНШАРБЕК, Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы