Алматыдағы №36 қалалық емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігер бөлімінің меңгерушісі Шынар Дошаева ҚазАқпарат тілшісіне ЖРВИ және тұмаумен ауырып қалмау үшін не істеу керектігін айтып берді.
Тұмау жыл сайын көптеген елдерде эпидемиялық таралуға жататын жаһандық инфекция болып саналады. ДДСҰ тұмау жөніндегі сарапшыларының мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын эпидемия кезінде халықтың 5 – 15 пайызы ауырады. Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегідей тұмау және ЖРВИ денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі. Инфекциялық аурулардың құрылымында тіркелген инфекциялық аурулардың 90 пайызға жуығы осы инфекцияларға келеді.
- Айтыңызшы, тұмау мен жедел респираторлы вирустық инфекцияның айырмашылығы неде?
Тұмау – бұл вирус, өткір респираторлық инфекция, яғни тыныс алу жолдарының ауруы. Тұмау вирусы жұқпалы және адам ағзасына түссе өршіп кетуі мүмкін. Тұмау вирустардың бірнеше түрінен (А, В және С) туындаған инфекция. Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) – ең кең тараған жұқпалы аурулардың бірі. Оның тұмауға ұқсас клиникалық көрінісі бар көптеген ауруларды қамтиды, бірақ 200 -ден астам мүлде басқа вирустар бұл ауруды тудырады.
- Жедел респираторлы вирустық инфекция мен тұмау белгілерін қалай ажыратуға болады?
- Тұмауда дене температурасы көтеріледі, дене қалтырайды, әлсіздік пайда болады, бұлшықеттер мен буындар ауырсынады, бас ауырады, көзден жас ағады, құрғақ жөтел пайда болып мұрыннан су ағады. Тұмауда жиі түшкіреді. Кейде жүрек айнуы, құсу, диарея қосылады. Екінші күні жөтел мен кеуде ауыруы пайда болады. Адам жарыққа сезімтал болады. Тұмау вирусының қан тамырларын зақымдайтынын ескере отырып, қызыл иек пен мұрыннан қан кету мүмкін.
ЖРВИ-дің міндетті түрде болатын белгісі- суық тию. Ол кезде адамның дене қызуы (38,5ж%С дейін) көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар шырышты қабықтардың ісінуі байқалады- катаралды көрініс: мұрынның бітелуі және мұрынан су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін. Жедел респираторлық вирустық инфекциядан кейін сіз келесі үш апта ішінде ауырып қалуыңыз мүмкін, бірақ тұмаумен салыстырғанда бұл ауру жеңіл түрде өтеді.
Тұмау - бұл бәріне таныс ауру. Онымен ауырмаған адам жоқ шығар. Тұмаудың жеңіл түрімен ауырғандар үшін бұл ауру қорқыныш тудырмайды. Яғни, жай суық тию деп қабылдайды. Алайда, бұл қате пікір. Тұмау-ең алдымен асқынулармен қауіпті (бронхит, пневмония, жүрек бұлшықетінің зақымдалуы және тағы басқа). Созылмалы ауруы барлар үшін өте қауіпті. Бұл өлімге де әкелуі мүмкін.
- Тұмаудан қалай қорғануға болады?
«Тұмау мерзімі басталғанға дейінгі жыл сайынғы вакцинация – ең тиімді әдіс. Бұл өз кезегінде аурудың ауыр түрлерін, ауруханаға түсуді, өлім-жітімді төмендетеді, тұмауды жұқтыруды азайтады. Вакцинация қауіпсіз. Бұл айтарлықтай материалдық шығындарды қажет етпейді, өйткені вакцинация бір рет жүргізіледі. Вакциналар 50 жылдан астам уақыт қолданылып келеді, осы кезеңде олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі бірнеше есе өсті. Сонымен қатар балаларға да, ересектерге де екпе жасауға мүмкіндік бар. Вакцинация тегін. Вакциналар барлық емханаларда бар. Вакцинациялау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, вакцинация қараша айының соңына дейін жүргізіледі.
- Коронавируспен ауырғандар да тұмау қалай өтеді?
- Коронавирус, кез келген басқа вирус сияқты, ауру кезінде иммундық жүйеге әсер етеді, бірақ кейін адам қалпына келеді. Ол коронавирустан аман қалған кезде, иммундық жүйе уақыт өте келе жаңа, күшті қасиеттерге ие болады. Егер ағза ауруды жеңсе, онда иммундық жүйе тек күшейе түседі. Тағы да қайталап айтам, күзде вакцинаның алдын алу тек COVID-19 үшін ғана емес, тұмау үшін де маңызды.
- Сұхбатыңызға рахмет!