Елде емханалар жанынан мобильді бригадалар құрылды. Ал Маңғыстау облысында 103 мобильді топ жұмыс істейді. Бұл туралы «Республикалық-электрондық денсаулық сақтау орталығы» Маңғыстау облыстық филиалы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мобильді бригадалар COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттер мен стационарда емделгеннен кейін шығарылған пациенттерді бақылауды, асқынулардың алдын алуды және медициналық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйден қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдер бойынша патронаж жүргізеді.
Мобильдік бригадалар ЖРВИ, КВИ, тұмау, пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттерге үйге барып, ПТР-тестке материал жинауды жүргізіп, диагноз қою үшін медициналық тексеруден өткізеді. Залық үшін бұл қызметтер тегін болады. Оны емханаларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.
Есеп айырысу бойынша, мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф – 5 400 теңге. Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен, басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Маңғыстау облысы бойынша 103 мобильді бригада жұмыс істейді.
Мобильдік бригадалар үйге шығу кезінде мынадай қызметтерді көрсете алады:
1) пациентті бастапқы қарап-тексеру, ауырлық дәрежесін бағалау;
2) сovid-19-ға күдікті талдауды жедел - тест және (немесе) ПТР-тест әдісімен алуды жүргізу;
3) көрсетілімдер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдамалар беру;
4) қандағы оттегінің сатурациясы 93%-дан төмен болған жағдайда пульсоксиметрия жүргізу, қажетті бейінді маман-Консультантпен аудио-немесе бейне консультацияны ұйымдастыру;
5) «Covid-19 Коронавирустық инфекциясы» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік заттарды тағайындау»;
6) үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу (бұл жағдайда мобильді бригада жедел жәрдем бригадасын шақырады). Науқастың жағдайының ауырлығына байланысты келесі медициналық көмек көрсетіледі:
- амбулаторлық қашықтықтан бақылау:
- күнделікті қоңырау шалу (мониторингтік топ);
- АМСК дәрігерінің қашықтықтан консультациясы;
Айта кетейік, мобильдік топ көмегіне жүгіну үшін Сall-орталығы жұмыс жасауда. Сол арқылы хабарласып, мобильдік топты үйге шақыруға болады.
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН