Қытайдағы Цзинан қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арнайы диплом мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған 20 мың долларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға табыстады. Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебі білім саласында ЮНЕСКО сыйлығын алғаш иеленген алғашқы оқу орны. Wenhui Award сыйақысы «Білім беру – 2030» күн тәртібін ілгерілету үшін университет пен мектеп арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. 2019 жылдың финалдық кезеңінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған. ЮНЕСКО-ның сыйлығы сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпал ететін жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы сәтті серіктестік үшін – балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және дүниежүзілік жаһандық азаматтыққа дайындаған Қазақстанның инновациялық мектептеріне берілді. Беделді марапатқа ие болу туралы қазан айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды. Құттықтау хатында Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат атап өтті. «Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген аса құрметімді білдіріп, асқан қуанышпен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы ынтымақтастық саласындағы үздік оқу орындарының бірі ретінде танылды», - деді Криста Пиккат. Сонымен қатар 2011 жылдан бастап Қазақстанның инновациялық мектептерінің серіктесі болған Кембридж университеті алғашқылардың бірі болып NIS-ті жаңа табысымен құттықтады. Кембридж университеті білім беру мектебінің ресми сайтында: «Әріптестік факультеті мектебі білім беру инновациясының марапатын алды «Білім берудегі инновациялар» деген ақпарат жарияланған. «НЗМ салмақты байқауда жеңіске жетіп, «мектептер мен студенттер арасындағы серіктестік» бағытын сәтті құрғаны үшін марапат алды. Құрылған күннен бастап, НЗМ ұлттық және халықаралық университеттермен бірге түлектерге қолдау көрсету және олардың жетістіктерін тану мақсатында ынтымақтастық орнатты. Назарбаев Зияткерлік мектептерін фантастикалық жетістігі мен осы марапатқа ие болуымен құттықтаймыз». Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері елдің үздік университеттерімен серіктестік қарым-қатынаста. Атап айтсақ, Назарбаев Университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, КИМЭП, Сәтпаев университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы Менеджмент университеті, Нархоз университеті «Бизнесті әкімшіліктендіру бакалавры» мамандығы бойынша, Сүлеймен Демирел атындағы университеті. Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің айтуынша, NIS-programme оқу бағдарламасы мен НЗМ 12-сынып сертификатын бірқатар халықаралық ұйымдар мойындады. Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы (UK NARIC), Голландияның білім беруді интернационалдандыру бойынша ұйымы (NUFFIC), Германия федералды жерлерінің және білім министрлерінің тұрақты конференциясының кеңесі және Швейцариядағы қонақүй менеджменті саласындағы провайдері Swiss Education Group. NIS-programme оқу бағдарламасы мен Сертификатты шетелдік жоғары оқу орындары мойындады: Кембридж Университеті, Борнмут университеті, Глазго Каледония университеті, Гонконг қалалық университеті (ҚХР), Гонконг политехникалық университеті, Пусан ұлттық университеті, Йонсей университеті (Оңтүстік Корея), Монаш университеті (Австралия), олар НЗМ түлектерін жоғары оқу орнына дейінгі курсты өтпей-ақ бакалавриат бағдарламаларына қабылдайды.
Жұлдызай Қалиева
Суреттерді Ақтау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі