Ақтау қаласындағы «KAZBRANDS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастардың тұлғалық дамуын арттыратын семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жиынның негізгі мақсаты - жастарды жетістікке жетуге, өмірлік өз жолын табуға, кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағыт беру. Тұлғалық дамуы мен өз-өзін тану үшін тәлімгерлік әдіс арқылы қолдау көрсету. Биыл 14 шілдеден бастап «Өңірлерде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін менторлардың 4 тобын оқытуды ұйымдастыру» жобасы қолға алынған. Жоба барысында 80 тәлімгер арнайы оқудан өтіп, сертификатпен марапатталды. Айта кетейік, шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ мемлекеттік гранты шеңбері аясында өтті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА