Облыста жыл басынан бері 122 808 әкімшілік құқық бұзушылық қаралды
[ 2019 ] 20 қараша, 12:36 | Қоғам
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салаларда құқықтық ақпаратты қалыптастыру бағыты бойынша бақылау және қадағалау қызметімен қатар ҚР Бас прокурорының сандық жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылды.
Бұдан бұрын біз бұқаралық ақпараттық құралдарында Маңғыстау облысында "Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу" жобасының (бұдан әрі-ӘҚБЕА) іске асырылғанын жарияладық.
Жыл басынан 122 808 әкімшілік құқық бұзушылық қаралып, 1 млрд. 417 млн (1 417 328 907) тенге сомадан 941 млн (941 390 564) тенге сомасы өндірілді. Өндірілмеген сома 475 млн (475 938 343) тенгені құрады.
Оның ішінде, ӘҚБЕА жүйесі арқылы облыс аумағында 55 916 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оған 389 053 207 теңге айыппұл салынған және оның 269 722 193 теңге мөлшеріндегі айыппұлы өндірілген.
ӘҚБЕА әкімшілік істердің бірыңғай базасын білдіреді және әкімшілік жауапкершілікке тарту процесін толық автоматтандырудан тұрады, ол іс жүргізуді қозғаудан және айыппұл салудан бастап оның орындалуын, сонымен қатар барлық қойылған шектеулердің шешілуіне дейін автоматтандырады.
ӘҚБЕА іске асыру жедел және ашық процесті қамтамасыз етуге, азаматтарға айыппұлдарды тез және ыңғайлы төлеуге, сондай-ақ адам факторын алып тастай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда мобильдік қосымша әзірленді, ол ең аз мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға мүмкіндік береді.
Аталған жоба Маңғыстау облысы аумағында 2017 жылдың қазанында іске қосылды.
Айыппұлдарды автоматты түрде өтеу бойынша екінші деңгейдегі 17 жетекші банктермен интеграция жүргізілді.
Бұл, азаматқа айыппұлды құқық бұзушылық жасалған жерде банк картасымен, осы банктердің кассалық бөлімшелерінде, терминалдарда, мобильдік қосымшалар арқылы, "qamqor.gov.kz " EGOV арқылы сайтта төлеуге мүмкіндік береді және бұл туралы мемлекеттік органға хабарламауға да болады.
Жүйеде айыппұл автоматты түрде өтеледі,бұл оны қайта төлеу мүмкіндігін болдырмайды.
ӘҚБЕА жүйесінде айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға электрондық түрде жіберу тетігі іске асырылды. Ерікті төлем мерзімі өткеннен кейін әкімшілік материал автоматты түрде атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ААЖ ОИП) жіберіледі.
Қазіргі кезде біздің құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті материалдарды сотқа электрондық форматта жіберу жөніндегі функционалды іске асыру бойынша жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, шетелдік нөмірлері бар машина иелеріне қатысты фото-бейнетіркеу құралдарымен бекітілген құқық бұзушылықтар бойынша нұсқамалар жасау мүмкіндігі іске асырылуда. Иелері туралы мәліметтерді бірыңғай сақтандыру базасынан алынатын болады.
ҚР БП ҚСжАЕК-нің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы
1143
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.