Маңғыстау облысында 172 453 адам жер кезегінде тұр
[ 2019 ] 20 қараша, 12:18 | Қоғам
Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов өнірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жеке тұрғын үй құрылысы үшін алаңдар қарастырылмаған. Басқа аудандардың бас жоспарына сәйкес 26820 учаске қарастырылған. Басқарма басшысының айтуынша, учаскелердің 2055-і қазіргі кезде инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. «Нақтылап айтқанда, 779 учаске газ, су, тоқ, 1 003 учаске газ бен тоқ, 45 учаске тоқ пен су, 228 учаске тоқпен қамтылған. Ал 24 765 учаске инфрақұрылыммен әлі қамтылмады», - дейді Есемұрат Дүзмағамбетов.
Жұлдыз ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
1071
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.