Маңғыстауда АИТВ жұқтырғандар азайған сыңайлы
[ 2019 ] 16 қазан, 12:56 | Қоғам
Биылғы тоғыз айда өңірімізде 36 адам АИТВ инфекциясымен тіркелді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төрт адамға азайғанын көрсетеді.
2018 жылдың тоғыз айында 40 жағдай тіркелсе, оның жетеуі шет елдер азамматтары, ал отыз үші—Қазақстан Республикасының азаматтары.
Осы жылы тіркелгендердің алтауы шетелдіктер, отызы қазақстандықтар. Тіркелгендерді жынысына қарай бөлгенде, олардың 75% ер азаматтар екендігі анықталып, ерлер мен әйелдер арасында тіркелген аурушаңдық үлесі 3:1 болып отыр. Ал жас шамасы бойынша жіктесек, науқастар 20-39 жас аралығында. Бұлардың 44% жұмыссыздар және жұқпаның жыныстық жолмен жұқтырғандардың үлес салмағы басымырақ.
Бір қызығы, тіркелгендер арасында Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау, Бейнеу аудандарының тұрғындары жоқ. Осының өзі көңілге үміт ұялатады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
1071
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.