ҚазҰУ жемқорлыққа қарсы күрес жолында
[ 2019 ] 15 қазан, 11:17 | Қоғам
ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары. Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет" жобасын ұйымдастырып, жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты - кез-келген жемқорлық құбылыстарына төтеп бере алатын әлеуметтік ортаны құру арқылы білім беру ордасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алуына жол бермеу. Жобаның әдіснамалық негізінде білім беру процесінің барлық қатысушылары оқытушылар мен студенттер, қызметкерлер және университет әкімшілігіне бірдей жауапкершілік артылады. Жоба аясында ҚазҰУ-да ақырғы нәтижеге негізделген басқарушылық жүйе, яғни, барлық қызметкерлер мен оқытушылардың қызметінің деңгейін бағалау туралы ашық іс-шаралар енгізілді. Жобаның келесі бөлімі - оқу процессінде антикоррупциондық технологияны пайдалану. Осы бағытта халықаралық стандартқа сәйкес білім-ақпараттық "Универ" интернет-жүйесі құрылды. Ректордың қатысуымен "Таза сессия" акциясын ұйымдастырып, оны жүзеге асырумен айналысатын штаб құрылды. Университетте іштей оқитын студенттерден емтихандар жазбаша түрде алынып, сырттай оқитын студенттер үшін қашықтан оқыту технологиялары қолданылады. Емтихан өткізілу процессін онлайн-режимде бақылау үшін видеофиксация және мониторинг технологиясы қолданылады. Міне, ҚазҰУ-да көпшілікке үлгі болар осындай іс-шаралар жүргізілуде. Жемқорлыққа қарсы күрес жолында барлық оқу орындары дерлік қоғамдық ұйымдар, мекемелер ат салысса, осы бағытты ұстанса, еліміздің жарқын болашағына септігі тиері сөзсіз. Болашақ жас ұрпаққа берер ұлағатты тәрбиеміз бен ата дәстүріміз сарқылмай жандана берсін. Әр қазақ баласы болашаққа жауапты. Сондықтан осындай іс шаралар мен тәртіпті дәріптеп сөз ете жүрейік...
Ідріс Рзагүл,
экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті,
2-ші курс студенті
Жетекшісі Ақтөреева Эльмира
1070
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.