Онкологиялық диспансер құрылысы бақылауда
[ 2019 ] 17 қазан, 05:57 | Қоғам
15 қазанда Ақтау қаласындағы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы мәжіліс залында онкологиялық диспансер құрылысының жүру барысы туралы жиналыс өтті. Осы мәселе бойынша мәмілелер облыстық Nur Otan-да осымен төртінші рет өткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліске Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов, облыстық мәслихат депутаты А.Өрісбаев, NCOC компаниясының әлеуметтік жобаларды қолдау департаментінің басшысы Р.Әубекеров, «КазПИР» ЖШС директоры С.Шаймарданов, «КазПИР» ЖШС бас инженері Қ.Саргелтаев, облыстың партиялық бақылау инспекторы - Р.Шалбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы – Ә.Сағымбаев, «Омнимед» ЖШС директоры Н.Тлеуов, «Омнимед» ЖШС құрылтайшысы Павел Немец, облыстық онкологиялық диспансердің басшысы -
Н.Жариев, Мердігер «Өркен-1» ЖШС директоры - И.Сақтағанов, NCOC компаниясының өкілі - С.Кадырбаев, «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС директоры - А.Тоқтаров, «АЭЖБ» МҚК бас инженері - Ә.Махамбетов
қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе - «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бақылауындағы онкологиялық диспансердің медициналық құрылғыларының мәселесі және құрылыс жұмыстарының жүру барысы туралы. Өйткені, онкологиялық диспансер 2020 жылдың сәуір айында қолданысқа берілуі қажет.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов қатысушылармен таныстырып, 100 орындық онкология диспансері құрылысының бүгінгі таңдағы жағдайы туралы онкологиялық диспансер құрылысына қатысты барлық («МҚИ», «Өркен-1», «АЭЖБ» «КЖСА») компания мен мекеме басшыларын тыңдап, нақты тапсырмалар берді.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Денсаулық» бағыты бойынша құрылған комиссияның төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Аббат Өрісбаев қатысып, мәселенің түйінін тарқатуға байланысты өз ұсынысын айтты:
- Біріншіден құрылыс монтажды жұмысына қатысты мәселелерді шешіп алсақ, содан кейін құрылғылардың мәселесін көтерсек деген ұсынысым бар, - деді.
Осы орайда Руслан Әубекеров аталмыш құрылыс төңірегіндегі мәселелердің созылып кеткендігі, демеуші компаниядағы акционерлердің алаңдауына әкеліп отырғанын және жиында осы мәселердің соңғы нүктесін қою керектігін айтты.
Жиналысқа шақырылғандардың құрылыс жұмысына келдергі келтіріп отырған мәселелер туралы тыңдап, қатысушылардың ұсыныстары арқылы нақты шешім шығарылды.
Мәселен, бір жұмыс күні ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық онкологиялық диспансер, «Омнимед» ЖШС пен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бекітілген онкологиялық құрылғылардың тізіміне сәйкес, нақты бір тізім жасақтау. Тиісінше тізім талап етіліп отырған тапсырыс беруші «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС мекемесіне жолданып, аталған мекеме бір апта ішінде «КазПИР» ЖШС-ке тапсырма берілді.
Онкология құрылысын бір қалыпты электр-энергиямен қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласы әкімдігіне және облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына жедел шешім қабылдау жөнінде тапсырма берілді.
Онкологиялық диспансер құрылысы 2019 жылдың маусым айынан бері «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бақылауында.
1345
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.