
«ҚР Коституциясы – әрбір азаматтың еркіндігі, бостандығы. Сонымен қатар бүгін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Жоспарлы түрде екі халық арасындағы терең тарихы бар мәдени және рухани байланысымыз одан әрі кеңейіп келеді. Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты, достықты, бірлікті өркендету мақсатында Өзбекстанның бас консулдығы ашылып отыр. Бұл – Қазақстан және Өзбекстанның бірлігін сақтауға әрі дамуына кепілдік бермек. Бас консулдықтың ашылуымен және ҚР Конституция күнімен баршы маңғыстаулықты құттықтаймын!» - дейді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.
Ал Өзбекстанның ҚР төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевтың айтуынша, Ақтау – Өзбекстан үшін Еуропа елдеріне шығатын ең қысқа жол.
"Жуырда «Бейнеу-Өзбекстан шекарасы» автомобиль жолы ашылды. Өзбекстанның тауарлары қазақтың теңіз порттары арқылы өзге елдерге тасымалдана бастайды. Бұл өз кезегінде инвесторлардың артуына жол ашады. Олар қажетті құжаттарын рәсімдеу үшін алысқа сабылмай, жақын жерден реттемек. Сонымен қатар, бас консулдықта екі ел азаматтары мен еңбек мигранттарына да құқықтық көмек көрсетіледі", - дейді ол.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының Өзбекстан Республикасының арасындағы тауар айналымы - 1,5 млн доллар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайыз жоғары. Сонымен қатар, облыста қзбек капиталының қатысуымен 33 біріккен кәсіпорындары жұмыс жасауда.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА Суреттерді ұсынған Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84605,84599,84608,84603,84601,84602,84606,84607"]