Маңғыстаулықтардың игілігіне 1989 жылы берілген облыстық аурухана—өңірдегі бірден бір көпбейінді емдеу мекемесі. Өткен жұма күні осынау емдеу орнының 30 жылдығына орай Қазақстан интервенциялық кардиологтары және эндоваскулярлық хирургтары қауымдастығының кезекті сессиясы өтті. «Эндоваскулярлық хирургиядағы күрделі клиникалық жағдайлар, оларды емдеу жолдары және асқынулардың алдын алу» тақырыбына арналған басқосуда аурухана директоры Болатбек Қаюпов баяндама жасап, аурухана тарихына тоқталды. - Аурухана тарихы Ақтау қаласының құрылуымен тығыз байланысты, - деді ол. - 1959 жылдың тамыз айында медпункт орнына 102-медсанитарлық бөлім ұйымдастырылған кезде Маңғыстау облыстық ауруханасының негізі қаланды деуге болады. 1966 жылы Шевченко (Ақтау) қалалық денсаулық сақтау бөлімі құрылды. 100 төсектік аурухана ұйымдастырылды, оның құрамында жалпы хирургиялық бөлімше, терапевтік және гинекологиялық бөлімшелер болды. 1973 жылы қалалық аурухана облыстық ауруханаға ауыстырылды. Төсек саны 390-ға дейін артты. Осы уақыттан бастап осындай деңгейдегі емдеу-профилактикалық мекемеге қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ қажеттілігіне байланысты жыл сайын екі жылда бір рет бір жаңа бөлімше қосылып отырды. 1989 жылы 600 орындық алты қабатты ғимарат тапсырылғаннан кейін 602 төсекке арналған 16 бөлімше жұмыс істеді. Қазақстан Республикасында алғашқылардың бірі болып 1990 жылы компьютерлік, 1994 жылы магниттік-резонанстық томографтар сатып алынды. 1993 жылы АҚШ-тың «Стайнер корпорейшен» өндірісінің эндоскопиялық хирургиялық жабдықтары монтаждалды. 2007 жылдан 2012 жылға дейін кардиохирургиялық, инсульттік, жіті каронарлық патологиялар және күндізгі станционар сияқты бірқатар бөлімшелер ашылды, кардиохирургиялық бөлімшеде балалар кардиохирургиялық төсек-орындар, ерте оңалту бөлімшесі ашылды. 2012 жылдан эндоскопиялық кабинет, функционалдық диагностика кабинеті, УДЗ кабинеті, КДП, КДЛ, рентгенологиялық бөлімше, КТ кабинеті, МРТ кабинеті жұмыс істей бастды. 2012 жылы Германияда өндірілген жеке оттегі цехы бар дербес кондиционерлеу, жылыту және желдету жүйесі бар 10 операциялық залға арналған заманауи кардиохирургиялық (операциялық) «Г» блогының құрылысы басталыа, 2014 жылы аяқталды. Бүгінгі таңда «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК—стационарлық медициналық көмек (ШМК), жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМУ), Ақтау қаласы мен Қазақстан Республикасы халқына стационарды алмастыратын көмек (СМК) көрсететін көпбейінді клиникалық стационар. Медициналық қызметкерлердің біліктілігі және МОБ жарақтандыру деңгейі пациенттерге жоғары технологиялық диагностикалық, емдік және оңалту көмегінің барлық түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Мекеме құрылымында тәулік бойы және күндізгі стационарлар жұмыс істейді, 19 мамандандырылған бөлімшелер, соның ішінде кардиология және аритмология, шұғыл кардиология, кардиореанимация, нейрохирургия, жүрек-қантамыр хирургиясы бар, онда дәрігерлер ашық жүрекке ота жасайды және туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға ота жасайды, неврология және қалпына келтіру емі, жалпы хирургия, хирургиялық инфекция, эндоскопия, радиология, гастроэнтерология, офтальмология және оториноларингология бөлімшелері бар. Ауруханада ангиографиялық зертхана, инсульт орталығы және операциялық блок жұмыс істейді, жылжымалы медициналық кешен бар. Парамедиктерді және бейінді оқу орындарының студенттерін оқыту үшін симуляциялық орталық жабдықталған. 2014 жылы кардиохирургиялық (операциялық) блокты пайдалануға енгізу аталған бейін бойынша көрсетілетін ЖММК сапасы мен көлемін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда емделгендер қатарының жыл сайынғы 8%-ға өсуі байқалады. Мәселен, 2018 жылы емделген пациенттер саны 14 900 адам болса, ал медициналық көмекке жүгінгендер саны 30000-нан астам адамға жеткен. 2019 жылдың жарты жылдығында 7 890 адам болып отыр. Жасалған операциялардың 12%-ға (3155 факт, хирургиялық белсенділік 76%) өскені байқалады. ЖТМУ бойынша операциялар көп емес, оның ішінде стенттеу бойынша 451 жағдай. Жабылмаған спиральдарды пайдалана отырып, бас немесе мойын тамырларының эндоваскулярлы эмболизациясы немесе окклюзиясы, рентгеноэндоваскулярлы эмболизация (электрокоагуляция), жамбас мүшелері тамырларының, жатыр артерияларының эндоваскулярлы эмболизациясы, толық нефрэктомия (эндовидеохирургиялық, ретроперитонеалдық) сияқты операциялар жасалып жүр. Аурухананың 2018 жылдың желтоқсанында ұлттық аккредитациядан бірінші санат алуын ағымдағы кезеңнің жетістіктеріне жатқызуға болады. Ал бизнес рейтинг қорытындысы бойынша 2018 жылы марапат тағайындалды. Биылғы наурыз айынан бастап пилоттық жоба аясындағы нәтижелер бойынша еңбекақы төлеудің жаңа нысанына (БҚК) көшіп, бұл нақты жалақының 40%-ға дейін өсуіне қол жеткізді. 2018 жылдан бастап жұмысты қағазсыз жүргізуге көшу жүзеге асырылып, Ибн Сина жүйесі енгізілді. Қол жеткен жетістіктердің бірі—ауру тарихы бойынша ақаулардың күрт төмендеуі, шағымдардың азаюы. Бұл аурухананың бүкіл ұжымының жеңісі деуге болады. Сондай-ақ, ҚР ДСМ жобасы аясында Госпитальдық фармация бөлімінің жобасын енгізу жүзеге асырылуда, ол дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дербес беруді жүргізуге мүмкіндік береді, ал бұл болса, осы бап бойынша шығындарды 60%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сессияға қатысқан шетелдік және қазақстандық мамандар денсаулық сақтау саласының әр бейіні бойынша ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Екі күнге созылған шара барысында дәрігерлер өзара тәжірибе алмасып, әр саладағы жаңа жетістіктермен танысты.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА