Биыл жаңа оқу жылында 151 680 оқушы мектепке барады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қойжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, 1-сыныпқа 21 мың бала қабылданады деп жопарланып отыр. Әзірге 16 мың оқушы мектеп қабырғасынан білім алуға өтініш білдірген. «Жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 4, 9, 10 – сыныптарға 33 772 оқушы бармақ. Аталған сынып оқушыларына 100 пайыз, қалған сыныптарға қор жинау циклы бойынша барлығы 1 124 684 оқулық сатып алынады», - дейді МО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Қойжанов. Сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп өнімдерін сататын кәсіпкерлерге бағаларды төмендету туралы ұсыныс берілген болатын. Осы ретте кәсіпкерлер алыс елді мекендерге арнайы барып, мектеп тауарлары жәрмеңкесін ұйымдастыруда.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті «Өңірлік коммуникациялар қызметі» ұсынды