ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ гранты аясында «Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы ауыл мәселелерін шешуге бағытталған Ең үздік жоба ұсынған топтарға 300 000 теңгеге дейін грант беру қарастырылған. Жалпы облыс бойынша 10 грант, яғни 3 000 000 теңге бөлу жоспарланған. Осыған орай, шілде айында әлеуметтік жобалар байқауы жарияланған болатын. Байқаудың мақсаты—үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы ауыл тұрғындарын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге және өз ауылдарын көркейтуге белсене атсалысуға ынталандыру. Жақында осынау әлеуметтік жобалар байқауы бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтіп, ең үздік жобалар анықталды. Іріктеу комиссиясының құрамында ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік орган, қоғамдық пікір көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі болды. Байқауға 53 өтінім келіп түсті. Соның арасынан іріктеу комиссиясының шешімі бойынша барлығы 10 жоба қаржылық қолдауға ие болды. Бұлар—Таушық жастары–Түпқараған ауданының Таушық аулынан келіп тскен «SPORT-BUL DENSАÝLYQ TАÝShYQ STREET WORKOUT алаңы» жобасы, «Ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру»қоғамдық қорынан–«Ауыл әйелдеріне қолдау көрсету орталығы» жобасы (Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы), «Маңғыстау аудандық азаматтық бастамашылығы» қоғамдық бірлестігі—«Сулы қапы туристер үшін» жобасы (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы), «Қанағат жеке қайырымдылық қор—Ерекше жандарға—жаңа мүмкіндік» жобасы (Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы), «Жайдарлы» ЖММ– «Компьютерлік сауаттылық» (Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы), «Түпқараған аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігі—«Бүлдіршіндер—біздің болашағымыз» жобасы (Түпқараған ауданы, Баутин ауылы), «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі—«Білімнің шыңы, зағиптың күні!» жобасы (Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы), «Сыңғырлау жастары»-«Жарық ауыл» жобасы (Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылы), «Біз біргеміз!»—«Мүгедек балаларға эколагерь» жобасы (Қарақия ауданы, Құрық ауылы), «Мәңгілік ел—Маңғыстау» ЖҚҚ–«Тоғыз құмалақ ұлттық ойынын жастар арасында дәріптеу» жобасы (Қарақия ауданы, Жетібай ауылы). Грант иеленген жеңімпаздар алдағы 3 айда осы аталған өз жобаларын жүзеге асыратын болады. Ал жоба аясыдағы іс-шаралар туралы барлық ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="83738,83737"]