8-14 шілде аралығында Маңғыстау облысы бойынша өрт сөндірушілер 7 рет авариялық-құтқару жұмыстарына шақырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Атап айтсақ, 8 шілде күні сағат 19:21-де Ақтау қаласы 14 шағынаудан 42 үйге мамандар шақырылды. Алайда өрт сөндірушілердің көмегі қажет болмаған. Сол күні өрт сөндірушілер Ақтау қаласы 12 шағынаудан 33 үйге шақырылды. Олар 6-қабатқа көтеріліп, пәтерде қалған 2 баланы ата-анасына тапсырған. Оқиға 13:50-де болған. Шілденің 8 жұлдызында Ақтаудағы 9 шағынаудан 30 үйде 2 адам қалып қойған. Өрт сөндіру қызметкерлері полицияға көмектесу үшін оқиға орнына 11:30-да келген. Олар 9-қабаттағы пәтерді өз кілтімен ашып, үй ішінде қалған адамдарды құтқарған. Ал 11 шілде күні Ақтау қаласы 7 шағынаудан 20 үйде 7 жасар бала қалған. Тұрғындардың шақыруымен құтқарушылар 18:15 оқиға орнына барған. Олар автосатыны қылтимаға орнатып, 4-қабатқа көтеріліп пәтерге кіріпті. 13 шілде күні сағат 02:20-да полицияға көмек беру үшін өрт сөндіру қызметкерлері 22 шағынауданға шықырылды. Содан соң 4-қабаттағы пәтерге сыртқы есіктен кірген. Оқиға орнында мас күйінде қалған үй иесі болған екен. Сол күні сағат 10:15-те Ақтаудағы 32 «а» шағынаудан 18 үйге өрт сөндірушілер шақырылды. Олар автосаты арқылы 6-қабаттың терезесіне көтеріліп, полиция қызметкерлеріне есікті ашқан. Осылайша құтқарушылар 2 жасар баланы анасына аман-есен тапсырған. Ал 14 шілде күні Қарақия ауданы, Құрық кентіндегі 1 шағынауданға полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер шақырылды. Сағат 12.13-те межеленген жерге барып, пәтерден психикалық ауытқуы бар 23 жастағы ер азаматты алып шыққан. Содан соң жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Бұл оқиғалардың барлығы өрт сөндірумен байланыссыз адам құтқару жұмыстары. ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Маңғыстаулық өрт сөндірушілер бір аптада 10 шақырту алған
Жұлдызай ҚАЛИЕВА