Ақтау қаласындағы №6656 әскери бөлімшеде 182 сарбаз әскери ант қабылдады. Отан алдындағы борышын өтеу үшін сарбаздар Түркістан, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарынан келген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Салтанатты рәсімге жас жауынгерлердің туыстары келді. Сонымен қатар сарбаздарды Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев құттықтады. Подполковник Нұрлан Қожамбердиевтің айтуынша, №6656 әскери бөлімінің командирі әскери қызметшілерді қоғамдық орындарды қорғауға, құрылыс алаңдарына, түзеу мекемелеріне шақырылады. "Сарбаздар 6 күн алғашқы әскери, 24 күн бойы жауынгерлік дайындықтан өтті. Енді әскери ант қабылдағаннан кейін өздерінің негізгі міндетін орындауға кіріседі", - дейді бөлім командирі. Жас сарбаздардың туған-туысы Ақтау гарнизоны әскери оркестрі алаңында Найл Валиеваның басқаруымен әскери қызметшілер шеруін тамашалады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery ids="83019,83020,83022,83021,83025,83023,83026"]