Кеше, 11 шілде күні Ақтау қаласы 27 шағынаудан 76 үйдің 4 қабатындағы 1 бөлмелі пәтер өртке оранды. Онда үй жиһаздары, көрпе-төсек, салқындатқыш пен қылтима терезесі жанып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оқиға сағат 15:25-те болған. Пәтер толық, ал 4-қабаттың дәлізі жартылай ысталған. Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, тілсіз жау 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар 20 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 15-і ересек, ал 5-еуі жас бала екен. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА