ort өрт оқиғасы пожар

Өткен аптада, 1-7 шілде аралығында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша – 10 рет шақырту алған. Оның ішінде өрт жағдайы тіркелмеген. Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.

Атап айтсақ, 1 шілде күні сағат 09:36 шамасында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары Ақтау қаласы 7 шағынаудан 6 үйдің 5-ші қабатына барған. Олар шақырылған жерге жеткеннен кейін автосатыны 5-ші қабаттың терезесіне орнатып, пәтерде қалған 2 жасар қызды анасының қолына тапсырған.

2 шілде күні 13 сағ. 08 мин  Ақтау қаласы 22 шағынаудан 9 үйдің 5 қабатында авариялық-құтқару жұмыстары және полиция қызметкерлері пәтерде қалған 2 жасар баланы құтқарған.

Сол күні сағат 19:56-да мамандар Ақтау қаласы 11 шағынаудан 7 «б» үйдің 9-шы қабатынан ер азаматты аман алып қалған.

Ал 3 шілде күні сағат 16:41-де 8 шағынаудан 21 үйден шақырту алған. Олар 4-ші қабаттың қылтимасына автосатыны орнатып, пәтерде 80 жастағы науқас әйел мен 2 жасар баланың қараусыз қалғанын анықтаған.

Сонымен қатар сол күні Ақтау қаласы 28 «а» 9 үйде газ пеште қайнаулы ас қалып қойған екен. Мамандар шақырту бойынша сағат 18:55-те барған. Полиция қызметкерлерімен бірге автосаты арқылы 4-қабатқа көтеріліп, кіріс есікті ашқан.

5 шілде күні 9 шағынаудан 3 үйден әйел адамды құтқарған. Олар сағат 02:38-де шақырылған жерге барған. Өрт сөндіру қызметкері өз күшімен кіріс есікті ашқан, ал полиция қызметкері әйел адамды үйден аман алып шыққан.

Ал 10:47-де Жаңаөзен қаласы, Өркен шағынаудан 75 үйден 2 жасар қызды аман алып, ата-анасының қолына тапсырған. Өрт сөндіру және полиция қызметкерлері 4-қабатқа автосатыны орнатып, кіріс есікті ашқан.

6 шілде күні Ақтау қаласы 29 шағынаудан 30 үйден 2, 5, 7 жастағы балалар қалған екен. Мамандар 5-қабатқа автосаты орнатып 3 баланы анасына тапсырған.

Сол күні сағат 21:22-де Ақтаудағы 31 шағынаудан 14 үйдің 205 пәтерінен 8 айлық және 2 жастағы баланың қараусыз қалғанын анықтаған. Балалар анасына тапсырылды.

7 шілде күні 10 сағ. 50 мин Жаңаөзен қаласы «Самал» шағынаудан 35 үйге мамандар шақырылған. Олар межелі жерге жеткеннен кейін, темір кешкіш құралы (болгарка) арқылы пәтердің есігін ашқан. Пәтерге полиция қызметкері кіріп 4 жасар баланы алып шыққан. Бала анасының қолына тапсырылды.

Мұның барлығы өрт сөндірумен байланыссыз адам құтқару жұмыстары. Алайда ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметкерлері балаларды қараусыз қалдырмауды, ас үйдегі газдың сөнгенін қадағалауды, сонымен қатар өрт қауіпсіздік шараларын сақтауды тұрғындарға ескертеді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА