13-14 шілде күні Қарағанды қаласында жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты өтті. Оған 2002-2003 жылы және 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Маңғыстау облысынан барған жеңіл атлетиктер 1 алтын, күміс және қола медельді иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жарысқа елдің әр аймағынан 350-ге жуық спортшы келген. Соның ішінде Маңғыстау өңірінен 6 спортшы бақ сынады. Олар екі сайыс түрінен, яғни 60 метр жылдамдыққа жүгіру және найза лақтырудан сынға түсті. [caption id="attachment_83038" align="alignnone" width="1024"] Суретті Ә.Рабаева ұсынды[/caption] Маңғыстаулық 2004-2005 жылы туған спортшылар жеңімпаздар қатарынан көрінді. Екі сайыс бойынша 1204 ұпай жинаған Мейіржан Ходжимұрат 1-орын алды. Қыздар арасында Салидат Казова 1103 ұпайды еншілеп жүлделі 2-орынға жайғасты. Ал Ян Зутаев 1059 ұпаймен 3-орынды қанжығасына байлады. https://www.youtube.com/watch?v=L5MS4cj55wc «Оқушыларымның жетістікке жеткеніне және жарыста жақсы көрсеткішке ие болғанына қуаныштымын. Бұл чемпионат арқылы спортшыларым өз мүмкіндігін көрсете білді. Жол жүріп қанша шаршағанымен, олар жеңіс тұғырынан көрінді. Сондықтан оқушыларымды мақтан тұтамын. Қыркүйек айында «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» арасында ҚР чемпионаты өтеді. Сол арқылы Бішкекте 2004-2005 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өтетін жарысқа іріктеу болмақ. Енді соған дайындық жүргіземіз», - дейді бапкер Әсия Рабаева. [caption id="attachment_83039" align="alignnone" width="1024"] Суретті Ә.Рабаева ұсынды[/caption] Айтуынша, Мейіржан Ходжимұрат найза лақтырудан өз рекордын жаңалауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жас жеңіл атлеттер мен бапкер Әсия Рабаева «Маңғыстау арена» кешенінің директоры Зейнулла Оңайбаевқа және Маңғыстау облыстық Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Қанат Озғанбаевқа алғыс білдірді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны Ә.Рабаева ұсынды