«Маңғыстау шахмат федерациясы» Ақтау қаласында үш ірі республикалық турнир өткізеді
[ 2019 ] 21 қараша, 09:55 | Жаңалықтар
«Маңғыстау шахмат федерациясы» «Дебют» шахмат мектебімен бірлесіп, Ақтау қаласында 2020 жылы үш ірі республикалық турнир өткізу құқығына ие болды, деп жазды «Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымов фейсбук парақшасында.
* Ерлер арасындағы ҚР чемпионаты (жартылай финал) 6-16 ақпан;
* Әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты (жартылай финал) 6-16 ақпан;
* ҚР балалар Кубогы 4 кезең, Л. Елмұханбетов мемориалы 28 маусым-5 шілде;
"Егер Ақтау қаласы осы турнирлерді өткізу құқығына екінші жыл қатарынан ие болғанын ескерсек (балалар кезеңі үшінші жыл), бұл Маңғыстау облысында шахматтың жақсы дамуын көрсетсе керек" деп жазды Анвар Шайхымов.
2065
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.