Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай «Жақсы әдеттер марафоны» атты айлық аясында «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінде «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының және облыстық психикалық денсаулық орталығының қатысуымен арнайы шара өткізілді. Шара аясында балалар арасында мінез-құлық, қауіп-қатер факторларының, яғни, темекі шегушілік, ішімдік ішу, есірткі тұтыну, артық салмақ сияқты жағымсыз жайттардың алдын алуға арналған семинар, «Салауатты өмір салтын ұстанамын» тақырыбында сурет салу байқауы және спорттық жарыстар (арқан тартыс, эстафета) ұйымдастырылды. Қызықты өткен шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдар, кубок және сыйлықтармен марапатталды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА