Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметші күні» аталып өтті. Мерекелік шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова, облыстағы басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, мәслихат, арнайы және құқық қорғау атқарушы органдары өңірлік департаменттерінің басшылары, әдебиет, өнер, мәдениет саласының майталмандары, ұлттық этномәдени орталықтар өкілдері, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Мерекелік жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, қызметін жаңадан бастап жатқан мемлекеттік қызметшілердің Ант қабылдау рәсіміне жалғасты. https://youtu.be/JpKxPA3YDVg Жиында сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев тәуелсіз елімізде қолға алынып жатқан тың жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жолындағы жұмыстарда жауапты қызметте еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілердің үлесі зор екенін айтып, саналы ғұмырын осы салаға арнаған ардагерлермен қоса қиын да күрделі қызметте жалынды жастардың жемісті еңбек етіп жатқанын атап өтті. Мерекелік шара соңы өнер қайраткерлерінің концертіне ұласты.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="82042,82034,82043,82044,82045,82038,82037,82036,82035"]