• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 16 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Тельман Мақанов: «Әкем көп сырын ашпай кетті»

    [ 2019 ] 6 маусым, 13:25  |  Қоғам

    ©

    - Әкем Баяман Мақанов 1903 жылы дүниеге келген екен. Патша үкіметі кезінде ел бойлаудан бөлініп шығып, аудан болып құрылып, отырықшы болып орнықтыру жұмыстары жүрген ғой. 1928-29 жылдары әкем Баяман «атқару комитетінің төрағасы» деген атағы бар қызмет атқарған екен. Сондай қызмет атқарып жүріп, 1930 жылы ұсталып кетіпті, - деді кезінде қуғынға ұшыраған әкесі туралы сөзін бастаған Тельман Мақанов. - Елдің берекесі кетіп, құты қашқан сол жылдарда азаматтарға тағылатын айып та оңай табыла қойғандай екен. Жалпы, репрессия басталған 30-жылдарда ұсталып, Атыраудың түрмесіне отырып шыққан әкем жыл шамасында «қылмысы дәлелденбеді» деп қайта бостандыққа шыққан болуы керек. Бұл естеліктердің барлығын мен басқа адамдардан іздестіріп жүріп естіп, білдім. Себебі, әкем дүниеден өткенше бізге ештеңе деп айтпастан, сырын ашпастан кетті. Ол кезде жиырмадан асқан жігіт болсам да, маған бір залалы тиіп кетеді деп ойлаған болуы керек. Мен туылған кездің өзі соғыс жылдарына тап келді. Балалық шағымыз қиыншылықта өтті, ерте еңбекке араласып кеттік. Елдің көп нәрсемен ісі болмады, ес жиғаны 1960 жылдардан кейін еді ғой. Ал, 1964 жылы әкем дүниеден өтті. Өзі күнделік жазатын кісі еді, ол күнделікті бізге бермейтін. Әкем қайтыс болғасын күнделігін өлкетанушы Есбол Өмірбаев сұрап алды. Ол кезде жастығымыз шығар, бұл күнделікке мән бермеппін. Күнделігін өзім оқығанымда көп нәрсені бүгін дұрыстап айтып отыратын болар ма еді. Кейін Есекеңнен әкемнің күнделігінде не жазылғанын сұрағанымда: - Ел аштыққа төзбей, Иран, Ауған, Түрікмен асып көшкенде, сен билікте отырсаң да, қолыңда армия күші болса да халқыңа тосқауыл жасамадың деген айып тағыпты ғой ол кісіге. 1929 жылы атқару комитетінің төрағасы болғанда 26 жастағы жас жігіт екен. Ұсталғанда 26 жаста болған екен. Күнделікке бәрін жазып кеткен екен, - дегені бар. Осы сөздерден-ақ, ашаршылықтан қара халықтың азып-тозып, тентіреп елден кетуі біздің жерімізге дейін жеткенін көруге болады ғой. Есбол Өмірбаев көзі тірісінде әкемнің қызметтері туралы жазып кеткісі келгенін айтқан. Бірақ ол кісінің өзі өмір сүрген жылдар да орысқа қараған уақыттар еді ғой. Ондағы үкіметке қаратып ештеңе де айтылмайтын. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана репрессия құрбандарының аты аталып, еңбектері ақтала бастады ғой. Оған да шүкір. Әкемнің күнделігін Есекең қайтармады, бірақ айтқандары осы болды. Ақталып келгесін соғысқа қатысқан екен, бірақ қай жерлерде болғанын да білмейді екем. Бір жылдары газет оқып отырып, Құлсары қаласында тұрған бір майдангердің жазбасын оқығаным бар еді. Ол кісі өзі Москва түбіндегі шайқасқа қатысқанын жазып, майдандас достарын газет арқылы іздестірген екен. Тізімінде менің әкемнің аты-жөні жүрді, бірақ ол кезде әкем дүниеде жоқ, - деді Т.Маханов. [caption id="attachment_80962" align="aligncenter" width="1024"] Суретте Тельман Мақанов[/caption] - Шешем байдың қызы еді. Қошанай деген бай өткен ғой осы өлкеде. Аты жер жарған Қошанай байдың үлкен немересіне, Жұмажанның қызына әкем үйленген екен. «Байдың қызын алдың» деген де айып тағылған болуы керек. Шешеміз көп сөйлемейтін адам еді. Барлығы өтіп, бертін келе үлкейгенде ғана бірнәрселердің шетін шығарып айтып отырды. «Ел жоқшылыққа ұшырағанда әкең ел басында қызмет етті. Халықты отырықшы етуге терістікке, оң бетке үй салып, бір жаққа 25 үй тағы бір жағына 50 үй етіп бөліп отырғыза бастаған жылдары ұйымдастырушы болды. 1938-39 жылдары Ақтөбеге барып, банкінің бастығы да болды. Сен Ақтөбеде туылдың, бірақ әкең Маңғыстауға келіп, құжатыңды шығартты да, өзі ары қарай соғысқа аттанды. Тельман деген есімді сол кездегі көсемдердің, коммунистердің атына ұқсастырып қойды» - деп кейде шешем маған айтып отыратын. Сауаты болмағасын жазып кеткен ештеңесі жоқ, 1993 жылы өмірден кетті. Өзі байдың қызы болса жоқшылықты бастан өткеріпті. Әкелерінің байлығын үкімет тартып алған. Қошанай деген өте дәулетті болған адам кезінде құдық қаздырып, мал ұстаған, егіншілікпен де айналысқан екен. Осы Форттың өзінде 2 жекеменшік қоралары болған екен. Барлық байлығынан айырылғанда, екі қораның біреуін үкіметке өткізіп, біреуін қайткенде де алып қалыпты. Байларды компескелеу жұмыстарының басында әкемнің болғанының пайдасы тиіпті, оны шешем айтып еді. Үкіметке өткізбеген қораны соғыс жылдары көп отбасы болып паналадық, өніп-өстік. Қазірге дейін орны бар. Соғыс жылдарында көп есімді біле бермеймін. Шешем таңертең ертемен тігін артеліне кетеді, соғысқа сұратқан шұлықтарды тоқып, басқа да нәрселерді тігетіні, үлгере алмағанын үйге әкеліп, «тапсырманы орындауым керек деп» түн демей жасайтыны есімде. Бертінірек келгенде балық шаруашылығында жасады. Шешемнің өзі Қошанай байдың немересі болса, нағашы жағы да атақты әулеттен болды. Ораз дегеннің қызы, Нұрсұлтан Оңғалбаевтың туған қарындасы еді. Нағашы әжемнің екі бірдей баласы соғысқа кетіп қайтпай қалды. Бір баласы Ақтөбе жерінде прокурор болып жүргенде, екінші баласы 1942 жылғы жаппай әскерге алу бұйрығымен соғысқа кетеді. Өле өлгенше соғыста өлді дегенге сенбей, күтумен кетті. Екі баласынан хабар болмағасын бізбен бірге тұрды. Анадан туған жеті тумалас едік, одан көзі тірі тек өзім қалдым. Басқаларынан ұрпақ қалмады. Әкемнің інісі де қуғын-сүргін құрбаны болды. Әкемнің 1912 жылы туылған Іңірбай Мақанов деген інісі болды. Алматыдан институт бітіріп, Ленинградтың академиясын бітірген білімді адам екен. 30-жылдардың ішінде қудаланып, ол да түрмеге түсіпті. 1959 жылы ғана Магаданнан біздегі атқару комитетіне хабар салыпты. «Осында туған-тумаластарым бар еді, туған жерім сол жер еді, кімдер тұрады екен?» депті сұрауында. Қағаз келгесін біздерден де жауап барды. Сонымен сол жылы ауылға оралды, орыстан әйел алыпты. Өзінің айтуынша, Қырғызстанда бір академияда сабақ беріп жүргенде сыртынан жалған жала жабылған екен. Ленинградтағы оқуын бітіргесін, Совет үкіметінің жұмсауымен Қырғызстаннан бір шыққан ғой. Түрмеде қанша отырғанын да сұрамаппын ғой сол кездері, сұрасаң да айтпайтын еді. Артық әңгіме айтудан қорқатын кезеңдер ғой, сыртынан жала жабылса ұсталып кете баратын. Форт-Шевченкоға келгесін дұрыс жұмыс табыла қоймады. Ол кезде орталық - Шетпе ауылы. Сол жаққа ветеринарлық зертхананың бастығы болып жұмысқа кетті. «Интернатта бала көп қой асырап алсам, бірақ өз туғанымнан, өз қанымнан асырап алсам деп едім. Маған бір балаларыңызды беріңіз» деді. 1960 жылы туылған қызымды бердім, Нина деген есім беріп, тәрбиелеп өсірді. Сөйткен ағамның өмірбаянын да толық сұрап білмеппін. Бертін келе Нина: - Кішкентай кезімде жаз сайын әке-шешемнің еңбек демалысында Ленинградқа баратын едік. Ол жақта әкемнің достары көп еді, барлығы қонақ қылып, Іңірбай Маканович деп құрметтеп жататын» - деп айтатын. Біздің осы Форт-Шевченконың тумасы, біраз жыл ветеринар болып қызмет еткен Қайыржан Төлеуғалиев Новосибирск қаласына сырттай ветеринар мамандығын оқып жүргендегі бір естелігін айтып берген. «Оқуға барғасын сабақ беретін профессорым «қайдан боласың?» деп сұрады. Қазақстанның Маңғыстау деген жерінен келдім дегенімде, «ОOO, Іңірбай Макановичтің жерлесі екенсің ғой. Мен Ленинградта бірге оқып едім. Өте жақсы, сауатты адам еді. Кейін ұсталып кетті деп естідім. Сол кісі туралы білесің бе, ауылдасың болса танитын боларсың?» деп менен сұрады. Танитындығымды айтып едім, мәз болып сәлемін жолдап тұрды. Содан сол профессор оқуымды бітіргенше маған жақсы көзқараста болды. Іңірбай ағайыңыз жақсы адам болған екен, Новосибирскідегі профессорым мақтады», - деп Қайыржанның айтқаны есімде. Міне, менің бар білетінім осы, - деп сөзін аяқтады Тельман Мақанов.

    Естеліктерді жазып алған: Клара Қансұлтанова

    1044
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы түпқараған
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Роза Икембайқызы: «Әкеме жазықсыз жала жабылған»

    Келесі жаңалық

    Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақшұқырда «Street workout» алаңы салынады

      [ 2022 ] 6 қазан, 15:11
      2653

      Маңғыстаулық тұрғыннан қызыл кітапқа енген бүркіт тәркіленді

      [ 2022 ] 7 қыркүйек, 08:50
      3130

      Түпқарағандық жас футболшылар республикалық турнирде күміс алды

      [ 2022 ] 6 маусым, 16:10
      3650

      Түпқарағандық жас өнерпаз «Қазақстан дауысы. Балалар» жобасына қатысып жатыр

      [ 2022 ] 11 мамыр, 15:22
      2441

      Түпқарағандық каратэші халықаралық жарыста 2-орын алды

      [ 2022 ] 27 сәуір, 09:13
      2333

      Түпқараған ауданының дәрігерлері өз бетінше ота жасайды

      [ 2022 ] 19 сәуір, 11:24
      2560

      Рубрикалар

        анонсЖаңалықтарРухани жаңғыруЖарнамаФотоТүпқарағанСұхбатМаңғыстау жаңалықтарыЖастар бетіРедакция ұжымы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3043

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2791

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2628

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3097

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2912

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2858

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»