Бүгін «Астана» алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Ақтау қалалық «Сарбаздар ән салғанда» атты сапта жүріп ән айту байқауы өтті. Байқауға 5 әскери бөлім қатысты. Олар «Туған жер» бағдарламасы аясында патриоттық әндерді орындады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Байқау №2018 әскери бөлімінің «Менің елім Қазақстан» әнін орындауымен басталды. №30153 әскери бөлімінің сарбаздары «Ұшқыштар» әнін айтса, №25744 әскери бөлімі «Отан Ана» және «Морская пехота» музыкалық шығармаларын орындап, сапта жүріп өтті. Сонымен қатар №6656 әскери бөлімі «Ұлттық ұлан сарбаздары» әнін орындаса, «Туған елім», «День победы» әндерін №51809 әскери бөлімі орындап, сапта жүрді. https://www.youtube.com/watch?v=YRid9KFh5Uk Шара аясында сарбаздардың ән салуы мен сапта жүруіне ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің жағалау күзет өңірлік басқармасы бастығының орынбасары, 1-дәрежелі капитаны Талғат Төребаев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров, Абай атындағы мәдени-демалыс кешені директорының орынбасары Нұрболат Мұсағалиев төрелік етті. Сонымен қатар ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің жағалау күзет өңірлік басқармасындағы 2201 «А» әскери бөлімі командирінің орынбасары, 3-дәрежелі капитан Талғат Смағұлов және ҚР ҰҚК-нің Батыс өңірлік басқармасының тәрбие және әлеуметтік құқықтар жұмысы бастығының көмекшісі Шынар Болатқызы әділқазы құрамында болды. Сап түзеген әрбір әскери бөлімнің қызметкерлері көрермен ықыласына бөленді. Байқау қорытындысы бойынша №51809 әскери бөлімінің сарбаздары бас жүлдеге ие болды. Шара соңында Отан алдындағы борышын өтеп жүргендеріне 6 ай болған №51809 әскери бөлімінің сарбаздары барша ер-азаматтарды мерекемен құттықтады. Әскерде жүрген жігіттерге жалынды сәлем жолдады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78875,78876,78879,78878,78880,78882"]