Мамыр айынан бастап «Мәңгілік алау» монументінде күн сайын қазақ және орыс тілдерінде патриоттық әндер шырқалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Былтыр «Мәңгілік алау» монументіне жөндеу жұмыстарының жүргізілетіні жөнінде шешім шығып, маусым айында абаттандыру және жөндеу жұмыстары басталған еді. Жөндеудің жалпы құны - 67,2 млн. теңге. Былтыр бюджеттен 20 млн. теңгесі ғана бөлінсе, биыл қалған қаражат толық аударылып, «Мәңгілік алау» монументін жөндеу жұмыстары жалғасты. Бұл жөнінде сайтта жазған едік. «Бүгінде мердігер мекеме «МТС-Актау» ЖШС монументтің бес қанатына сұйық травертин құйып, мәрмәр тастарды қайта жаңартты. Сонымен қатар айналасындағы тіреу қабырғаларына да мәрмәр тастар орнатылды. Сондай-ақ тәрбиелік мәні бар патриоттық әндер тесттік режимде іске қосылды»,- дейді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы Қайрат Ақыбаев. https://www.youtube.com/watch?v=2CAuWI91ZVk Енді 1 мамырдан бастап монумент алаңында таңғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде патриоттық әндер шырқалады. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының айтуынша, жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Келісім-шарт бойынша 31 мамырға дейін тиісті мердігер мекеме монумент айналасын гранит тастарымен қаптау қажет деп отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78460,78457,78456,78452"]