Елордада ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өткені белгілі. 627 делегат, жалпы 1500-ден аса адам қатысқан съезд жұмысында 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидат таңдалды. «Нұр Отан» партиясының төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттығын ұсынды. Осыған орай Маңғыстау облысы орталығындағы Достық үйінде «Нұр Отан» партиясы съезінде президенттікке ұсынылған кандидатты қолдауға арналған жиын өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, жеке кәсіпкерлер және «Жаңғыру жолы» жастары қатысты. Жиында еліміздің өсіп-өркендеуі мен экономикасы, тарихы үшін маңызды алдағы президенттік сайлауға «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылған кандидат, қазіргі Қазақстанның уақытша Президентінің міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет саясатындағы маңыздылығы айтылып, қатысушылар жылы пікірлерін ортаға салды. «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кержбаум президенттік сайлау Қазақстан үшін ең бір маңызды, шешуші кезең екенін атап кетті. «Алдағы кезектен тыс президенттік сайлау соңғы саяси өзгерістертің логикасы іспеттес. Биыл наурыз айында биліктің ауысуы заңға сәйкес жүргізілді. Билік тұрақтылығы, демократиялық институттардың әрекеті, саяси мәдениет пен азаматтардың бірлігін ескере келе сайлау еліміздің ішкі және сыртқы саясатының сабақтастығын нығайта түседі деп ойлаймын. Президент сайлауы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің де нығаюына ықпал етеді. Бұл науқан біздің еліміздің алдында тұрған барлық мақсат-міндеттерді табысты орындау үшін қуатты күш береді»,– дейді Ю.Кержбаум. Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Фатима Биркле де президенттік сайлау Қазақстанның тұрақтылығы мен тыныштығын нығайтатынына сенім білдірді. «2019 жылдың 9 маусым күні кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешім уақытылы қабылданды және кез келген екіұштылықтың алдын алады. Сайлау сондай-ақ алға қойған бағытымызға сенімді қадам басуымызға, барлық қазақстандықтардың игілігі үшін қажетті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ішкі саяси процесте уақыттың ағымымен барлық мәселелер жолға қойылған. Президенттік сайлау бір жағынан ел дамуындағы маңызды жайттардың кілтін табуда жаңа қоғамдық консенсус әзірлеуді, екінші жағынан қоғамға мәселелерді шешудегі мүмкін тұстарын, әсіресе оның ең үздіктерін жаңа Президент ескеретін шешімдерді ұсынады. Алдағы сайлау еліміз үшін тарихи сәт және біз бұл сайлауға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Осы ретте біз қазақстандықтар бірлігімізді көр- сетіп, еліміз үшін және әрбір азамат үшін маңызды шешім қабылдар тұста тұтастық танытуымыз тиіс», – деді Фатима Биркле. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік сайлауға үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынуының маңыздылығына қатысты жеке кәсіпкер, «Престиж» жиһаз са- лонының директоры Ирина Биляева айтып берді. «Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясы атынан президенттік сайлауға кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынуы жайдан-жай емес. Бүгінгі таңда әлемде еліміздің тұрақтылығы мен мемлекеттілігін сақтап қалу үшін халықаралық дәрежеде мойындалған тұлғаның президенттік сайлауға келуі өте маңызды болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев – әлемдік аренада есімі белгілі тұлға. Бизнесте 25 жылдық тәжірибе жинаған кәсіпкер ретінде мен осы сайлауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруді аса маңызды міндет деп ойлаймын. Бұл ретте Қ.Тоқаевтың президенттікке ұсынылуы өте орынды», – дейді кәсіпкер И.Биляева. «Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлау мерзімін жариялауы – азаматтардың құқықтық және таңдау еркіндігін қамтамасыз еткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолын жалғастыру. Сайлауға мұндай қадам Мемлекет басшысының Конституция нормаларын сақталынуын қатаң бақылауымен жасалды. Сондай-ақ Президенттің Қазақстанда ашық, әділ демократиялық сайлау өткізуді қамтамасыз ету туралы мәлімдемесі Қазақстанның бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз еткен саяси мәдениеті жоғары мемлекет екенін айғақтайды. Біз Ұлт көшбасшысы – Елбасы жолын Қазақстан халқы қолдайтынына сенім білдіреміз», – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Бернеева. «АЛО-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазизбеков президент сайлауына қатысу әр азаматтың міндеті екенін айта келе, Қазақстан демократиялық жолмен дамып келе жатқанын жеткізді. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу бастамасы туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Бұл шешімді дұрыс деп санаймыз және оны қолдаймыз. Еліміздің Конституциясына сәйкес президент сайлауы – тұрақтылықты қажет ететін басты факторлардың бірі. Бұдан бұрын Елбасы Нұр- сұлтан Назарбаев айтып өткендей, Қазақстан дамуы революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен жүріп келеді. Біз маусым айында белгіленген сайлау тыныш, демократиялық жағдайда өтіп, адал әрі ашық болады деп сенеміз. Барлық қазақстандықтарды Президент сайлауына қатысуға және біз демократиялық елде тұратынымызды әлемге тағы да паш етуге шақырамыз. – Жиын соңында қатысушылар президенттік сайлауға ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан қолдайтындарын жеткізіп, сайлаудың әділ әрі ашық өтетініне сенім білдірді.
Жайық НАҒЫМАШ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78194,78189,78195,78191,78193,78190,78192"]