Алғыс айту күні өңіріміздің емдеу-профилактикалық мекемелері Ашық есік күнін жариялаған болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының бастамасымен өткен бұл шараға маңғыстаулықтар белсене қатысып, өз денсаулықтарын тексертуге құлшыныс блдірді. Рахмет айту мейрамы аясында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев облыстық ауруханада болып, осында келушілерді мерекемен құттықтап, ашық-жарқын сөйлесті, олардың жағдайымен танысып, игі тілегін білдірді. Бұл күні Маңғыстау облыстық ауруханасына 178 адам келіп, түрлі бейіндегі дәрігерлерден кеңес алды. Аурухананың Ашық есік күні арасына қатысқан тұрғындардың барлығы мамандарға ризашылықтарын айтып, алғыстарын жеткізді. Жалпы алғанда, бір күн ішінде аймақтағы медициналық мекемелердің дәрігерлерінен 2 мыңнан астам тұрғыны кеңес алған.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="73918,73919,73917"]