• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 11 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Маңғыстау медиа» ЖШС басшысына мемлекеттік н...

Ақтаулық теннисші «Уимблдон» турнирінен тыс қалды...

Жаңаөзенде «Жаза мен жала» спектаклі сахналанды...

Ақтауда өзін-өзі атқан инкассаторға қатысты “Halyk Инкассация” мәлімдеме жа...

Қарақияда теңіз суын тұшытатын зауыт құрылысы қарқынды жүріп жатыр...

  • USD: 478.48 ₸
  • EUR: 517.76 ₸
  • RUB: 5.47 ₸

Каспий экологиясы - адамдар қолында

[ 2019 ] 16 қаңтар, 04:16  |  Қоғам

©

Каспий – жағасын бес мемлекет жайлап жатқан көне тарихы талай елдердің ескілікті жазба мұрағаттарында қатталған тұйық теңіз. Бұл айдынның соңғы жылдары мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналуы оның экологиялық апатты аймақ қатарына қосылуына әсерін тигізбей қоймады. Біздің Теңіз бен Қашағаннан бөлек Әзірбайжанның Азери-Чираг-Гюнешли, Шах-Дениз және теңіздің солтүстігіндегі Ресейдің мұнай өндірістерінің теңіздің ластануы мен оның тіршілік дүниесіне тигізетін зардабы айтпаса да түсінікті.

Теңіздің тіршілік дүниесінің өзгеруі, бекіре балық­тардың көптеп қырылуы, уылдырық шашатын көк­серке балықтарының кеміп кетуі, осы теңізде ғана тір­шілік ететін итбалықтың мезгіл­-мезгіл қырылуы, күні кешегі Жайықтағы бекірелердің жаппай тырапай асуы - Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстарының теңізге қауіп төндіруінен орын алып отырған жайлар емес пе деген сұрақ туады.

Теңіз айдынының ластануына әсер етуде оған келіп құя­тын өзендердің үлесі айтарлықтай үлкен. Тек Еділ мен Жайық өзендерінің ағынымен теңізге құятын ластаушы заттектер құрамының өзі теңізге орасан зор зардабын тигізумен келе­ді. Бұл – өзендердің табиғи гидрологиялық режимінің және контрреттеуіштерді пайдаланудың бұзылуы кәсіпшілік балық түрлерінің жүздеген мың тоннасына дейін айырылуға әкеліп соқтырып отырған жайт.

Көптеген сарапшының пікірі бойынша ластаушы зат­тектердің басым бөлігі Солтүстік Каспийге Еділ мен Жайық өзендерінен бөлек жағалау маңындағы мұнай кенорындары мен консервацияланған ұңғымалар себебінен туындап отыр­ғандығы белгілі болып отыр.

2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңдерде Қашаған кен­орны нысандарында жүргізілген зерттеулерге қарағанда ауа­ның негізгі ластаушы көзі аталмыш кенорынның А және D аралдарындағы теңіз кешеніндегі бұрғылау, құрылыс монтаж­дау жұмыстары әсерінен болатыны анықталып отыр.

Біз жоғарыдағы пікірді негізсіз айтып отырған жоқпыз, былтыр Солтүстік Каспий жобасының 25 жылдығына орай Қазақстан қолданбалы экология агенттігінің ғылыми­техникалық кеңесінің бекітуімен «НКОК Н.В компаниясы­ның мұнай кенорындарын игеру кезіндегі солтүстік шығыс Каспийдің қоршаған ортасын 2006–2016 жылдар аралығында экологиялық мониторингілік зерттеу» монографиясы жарыққа шықты.

Сол экология, қоршаған ортаны қорғау, география, гидро­химия, гидробиология және т.б. салалар мамандарына, мұнай­-газ саласы қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған бұл еңбекте компанияның өндірістік қызметінің және экологиялық мониторингілік зерттеулерінің даму тарихы, солтүстік­-шығыс Каспийдің табиғи жағдайы, атмосфералық ауа сапасы, теңіз суының сапасы, түптік шөгінділер, фитопланктон, зоопланктон, макрозообентос, су өсімдіктері, ихтиофауна, Каспий итбалығы, орнитофауна мә­селелері қамтылған аталмыш еңбектің 71-­бетінде: «Ластау­шы заттардың көздері – бұрғылау қондырғыларының күштік жабдықтары мен 2000 кВт көтергіш жабдықтар генераторлар болды. Одан басқа, жүзетін тұрғын блоктар – жүзбелі тұрғын кешендер қолданылды. Олардың саны кейбір кезеңде 20-­дан асты» деп жазылған.

Теңізде 22 жылдан бері жұмыс жасап жатқан мекеме туралы айта кетер болсақ,  «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы (НКОК) 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде консорциум құрамындағы жеті серіктес компания атынан 11 блокта көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жұмыстарының операторы ретінде қызмет атқарады.

Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шең­беріндегі  мердігерлік  учаскенің  аумағы 5 600 шаршы шақырым құрайды және Атырау қаласынан оңтүстік-­шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан Қашаған алып мұнай кенорнын қамтиды. Сонымен қатар учаскеде Қаламқас­-теңіз, Оңтүстік­-батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кенорындары бар.

Адамзат қажеттілігі үшін жұмсалатын бір байлықты өндіру үшін екінші байлықты құрбан етуге тура келгенін қайтерсіз? Қазақтың атын әлем алпауыттарымен теңестіруге себеп бол­ған табиғи шикізат – мұнай қорының басым бөлігі теңіз табанында жатқаны белгілі болды.

Батыс Қашағанның мұнай қоры 7 млрд. тонна делінсе, Шы­ғыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері одан ондаған есе көп­тігі болжанып отыр. Оған қосымша тағы 6 алаңның зерттелу үстінде екенін ескерсек, Каспийдің түп-­табанын мұнай теңізі алып жатыр деуге келетін болжам.

Енді өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай, мұнайды барлау мен өндірудің жоғары қауіпсіздік талаптары жолда­рын қарастыру қажеттілігі туындап тұр. Міне осы мәселеге, күні кеше ғана Каспийдің статусы анықталып, бес мемлекеттің басшылары бір шешімге келген Ақтау саммитінде баса на­зар аударылып, бірқатар оң қадамға бастайтын келісім­шарттарға қол қойылды.

Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатысқан халықаралық Кас­пий маңы мемлекеттері басшыларының бесінші саммитінде тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, теңізде эконо­мика, көлік­транзит, экология, қауіпсіздік және басқа да сала­лар бойынша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылаға­ны белгілі. Соның ішінде теңіздің құқықтық мәртебесінің анықталуы теңіз суы табанынан мұнай мен газ құбырын және кабель жүйелерін тарту мәселесі  қаралып,  құжаттың ең маңызды бөлігі 14­-бапта: «Тараптар Каспий теңізінің түбі арқылы су асты кабельдері мен құбыржолдарды төсей ала­ды» деп атап көрсетілгендігіне байланысты жағалаудағы мем­лекеттер Каспийдің түбінде мұнай құбырларын салу құқығын және «Каспий теңізі секторының теңіз түбі мен минералдық ресурстарды бөлудегі жалпыға танылған қағидаттары мен құқықтық нормаларға сәйкес жақын және қара­ма-­қарсы елдің келісімшарттары негізге алына­тын болады» делінген құжатқа сәйкес тараптар теңіз қайраңын тең дәрежеде пайдалану мүм­кіндігіне ие болды.

Теңіздегі шикізатты барлау, оны өндіру, плат­форма мен құбыр төсеу кезінде теңіз суына кел­ген зиянның барлық жауапкершілігі әр елдің өзіне жүктеліп, көмірсутегін өндіру, оны экс­порттауда төтенше жағдайлардың орын алу қаупі басымдығы ескеріліп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды жобаларды іске асырушы тарап мойнына алатын болып келісілді.

Осы мәселелерді Елбасымыз бірнеше мәрте халықаралық деңгейде көте­ріп, «Каспий маңындағы барлық мем­лекеттердің стратегиялық мүддесіне, егер кө­мірсутегі қорының шексіз еместігін ескерсек, оларды игеруге кіріскенде бүкіл экологиялық талаптарды сақтай отырып және Каспий теңізінің экожүйесі мен биожүйесін сақтау тұрғысынан әрекет еткен жөн» деп экоқауіпсіздікті алға қою­мен болды.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің ха­лықаралық негізде нақтылануы Қазақстан эко­номикасының дамуына ғана емес, теңіздің экожүйесіне қамқорлық көзқарасты күшейте тү­сетіні анық.

Енді теңіз айдынына Қазақстан, Ресей, Әзір­байжан, Иран және Түрікменстан – бес елдің әс­кери күштері мен азаматтық теңізшілерінен бас­қалар теңіз аумағына кіре алмауы себепті теңіз қауіпсіздігі мәселесі оң шешімін тапты деуге болады. Сонымен Каспий теңізінің экологиясын жақсарту адамдардың өз қолында екенін түсіндік.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

8593
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам мәселе
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жыл басынан бері Түпқараған ауданында 5 автокөлік өртенген

Келесі жаңалық

Бұрғылау ісінің шебері – Қартбай

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Әкімдік үшін журналистердің құны көк тиын ба?

    [ 2021 ] 30 қыркүйек, 19:51
    2833

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    9481

    Халықтың талабы ескеріле ме?

    [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
    3269

    Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

    [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
    3238

    Көлге айналған көшедегі суларды кәдеге жаратайық

    [ 2019 ] 4 сәуір, 12:16
    1204

    Үкімет мүшелері жаңаөзендіктермен жүздесті

    [ 2019 ] 16 наурыз, 10:56
    1458

    Рубрикалар

      Ауыл өміріТүпқарағанСаясатХабарландыруМәдениетСпортСұхбатБейнеу

    Автордың басқа да жазбалары

    Жерлесіміз жүлдегер атанды

    [ 2019 ] 5 желтоқсан, 10:00
    2170

    Ақтауда ақынға арналған кеш өтті

    [ 2019 ] 28 қараша, 12:36
    2344

    Саңлақ күйші Сержан Шакраттың 80 жас мерейтойы аталып өтті

    [ 2019 ] 8 қараша, 09:23
    2060

    Ақтауда жас педагогтар форумы өтті

    [ 2019 ] 4 қараша, 09:36
    1866

    Мұрын жырауға арналған кеш

    [ 2019 ] 29 қазан, 06:32
    2361

    Скрипкашы Айман

    [ 2019 ] 25 қазан, 05:04
    2313

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»