©
Ішкі істер министрлігі полицейлердің жаңа киім формасын ел талқысына ұсынып, халықтың пікір жинап жатыр. Полицейлердің жаңа киім үлгісіне қатысты инстаграм желісіндегі ресми парақшасына пікіріңізді жазуыңызға болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты
Министрлік халық пен өз қызметкерлерінің пікірін ескереміз деп отыр. Полицейлер соңғы 4-5 жылдан бері форманы жаңарту қажеттігін айтып келеді.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67972,67971,67969"]«Ішкі істер органдары құрылымдарынан ұсыныстар қабылдадық. Сәйкесінше, патрульдік полицейлер де киім үлгісіне тиісті өзгерістер енгізуді сұрады. Мәселен, белдікті таққан кезде, қаруды алып жүру ыңғайсыздық тудырады. Сонымен қатар,еліміздегі климаттық жағдайды да назарға алып отырмыз. Нақты киім үлгісін дайындағаннан кейін, оны жалпы талқылауға шығармақпыз. Осы киім үлгісін дайындауда 98 пайыз үлесі отандық кәсіпорындарға тиесілі болады», - деген болатын Ішкі істер министрлігі Қ. Қасымов.
Министрліктің айтуынша, жаңа киімді ауыстыруға жыл сайын бөлінетін қаржы есебінен тігілмек.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет ҚР ІІМ инстаграм парақшасынан