«Transparency International халықаралық ұйымының зерттеуінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі рейтинг бойынша Қазақстан 122-орында, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов Ақтауда өткен жиында. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткен басқосу Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында өтіп, жыл қорытындыланды. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, Әдеп жөніндегі және кеңес мүшелері, арнайы мониторингтік топ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Агенттіктің аппарат басшысы Саян Ахметжанов «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалін агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназароваға, оның орынбасары Ерлеген Мендалиевке және департаменттің әкімшілік жұмыс басқармасының бас маманы Қамбарбек Нышанбаевқа тапсырды. «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланымы», «Үздік интернет жарияланымы», «Үздік бақылаушы», «Үздік бейнежазба», «Үздік эссе» конкурстарының жеңімпаздары мен қоғам белсенділері марапатталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адал жол» республикалық марафон-эстафетасының облыстық кезеңі қорытындыланды. Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына жалғасып, көрермендер сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейнелеген суреттер галереясын тамашалады.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67333,67332,67330,67340,67341,67342,67344,67345,67347,67352,67353"]