Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алған үкіметтік емес ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы есепті баяндамалары тыңдалды.
Жиналысты жүргізіп отырған басқарманың медициналық көмекті үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетярова мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің халыққа тыңғылықты жеткізе алмаған мәселелерді үкіметтік емес ұйымдар толыққанды жеткізе білетінін атап өтті. Сондай-ақ ол салауатты өмір салтын ұстану, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, медицина саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсылық және төтенше жағдайлардағы жедел көмек көрсету секілді тақырыптарда жүзеге асырылып жатқан шаралар бойынша есеп берген ҮЕҰ жетекшілеріне қажет кезде тиісті көмегін аямайтынын жеткізді.
Атап айтар болсақ, «Риза Ана», «Ақбөбек», «Қолдау Қазақстан», «Нұрлы Ақтау» ҚБ және «Жастар жетістіктері» қоғамдық ұйымдары өздері ұтып алған тоғыз тақырып бойынша тындырылып жатқан істеріне тоқталды. Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың әрқайсысының көтерер жүгі қомақты.
- Өздеріңізге белгілі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау облысы бойынша филиалы 2017 жылдың шілдесінен бастап облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Аянгүл Жұмаш. - Оның ішінде кездесулер, сұхбат алаңдары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифингтер өткізілуде. Емханаларға тіркелу науқанында облыс бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау нысандарымен бірге жекеменшік медициналық клиникалар да тұрғындарды тіркеді. Тұрғындар өз таңдауларын жасады. Қазан айынан бастап осы жұмыстарға «Жастар жетістіктері» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің де қосылып жатқанына қуаныштымыз. Бұдан былай ба міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпаратты халық назарына бірлесе жеткіземіз деген үміттемін.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65761,65760,65759"]