ГМ-172/10 мекемесінде шаруашылық жасақ, оқшауланған аймақтың сотталғандары арасында «Үміт – 2018» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда жазасын өтеушілер қолөнер бұйымдарын дайындап, өзара жарысқа түсті. Бірнеше жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан шараға қатысушылар қолданбалы және бейнелеу өнері бойынша атсалысты.
Аталған жиынға сотталғандардың құқығын қорғау ұйымының төрағасы П.Дулин, Маңғыстау облысы Бекет ата мешітінің найб имамы Асқар Ахледин және Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі аға инспекторы, әділет майоры Ж.Тастанов төрелік етті.
Оқшауланған аймақта жазасын өтеуші Тарғын Қойбағаров ГМ-172/10 мекемесінің жасақ тәрбиешілері мен мұнай өндіру қондырғыларын түрлі бояулардың көмегімен қағазға түсіріп 1-орынды иеленді. Қамырдан жасалған қарақшы, айдаһар, ежелгі адамдар бұйымын ерекше шеберлікпен жасаған сотталушы Ғалымжан Құрманғазиев 2орынға тұрақтады. Ал қағаздан жасалған қызғалдақ бұйымын ұсынған Уайс Тұрсынбаев және мультипликациялық кейіпкерлерді жасаған Жалғасбай Убайдуллаев 3-орынға ие болды.
Мәдени іс-шараға қатысушыларға мекеме басшылығы ризашылықтарын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР