©
Жұмыссыз қалу—әр адам үшін ең бір ауыр сынақтардың бірі. Нарық дегенін істетіп, ең қажет деген азық-түлік пен керек-жарақтың бағасы күйіп тұрған мынау заманда жұмыссыздыққа тап болмауды тілеңіз. Әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық өмірді жаңа бастаған жалынды ұл-қыздардың отын өшіріп, еңсесін түсірері анық.
Оң бастамаларды құптап, көргенімізді көрдік дейік. Соңғы жылдары халықты жұмыспен қамтуға арналған бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылып, жақсы нәтижелер болып жатқаны рас. Сол құжаттардың соңғыларының бірі—нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы. Оның мақсаты—халық арасында еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктер қалыптасытыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, еңбек делдалдығының тиімді моделін құру, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық-насихат тобының мүшесі Құттымұрат Шәмшиев өңіріміздің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен таныстыруға арналған семинар өткізді. Семинар барысында азаматтардың әр санатын әлеуметтік жүйеге енгізу механизмдері жан-жақты түсіндірілді.
Бағдарламаның 1-бағыты—бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету. Оған 9-11-сыныптар оқушылары, оқу орындарына түсе алмай, жұмыс іздеп жүрген адамдар, аз қамтылған отбасылар мүшелері, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, әлеуметтік жәрдемақы алу құқығына ие отбасылардың балалары, интернат ұйымдарынада тәрбиеленушілер, кәмелетке жетпегендерді бейімдеу орталықтарындағы балалар қатыса алады. Оқитындарының оқу ақысы мемлекет тарапынан төленіп, балаларға бір рет ыстық тамақ беріледі, стипендия және жолақысы төленеді. Ал «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа орналасатын жастар жолданған мекемеде 6 айға дейн жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды. Оған 25 АЕК көлеміндегі еңбекақы мемлекет есебінен төленеді, жұмыс істеген уақыты еңбек өтіліне қосылады. Егер жұмыс істеген мекеменің штатында қалу мүмкіндігі болса, сонда тұрақтап қалады.
Енді қолымыздағы деректерді сөйлетсек, бүгінде республика бойынша 25 мың адам «Жастар практикасы» бағыты аясында жұмысқа орналасты, 38 мың жас адам «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау» бағыты бойынша білім алуда. 38,5 мыңнан астам адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберілді. 15,7 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды.
Жалпы, Қазақстанда еңбек нарығының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып отыр. 2010 жылмен салыстырғанда жұмыс күшінің саны 468 мың адамға немесе 5,4%-ға артқан. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 523 мың адамға көбейіп, 8 миллион 638 мың адамға жетті.
2018 жылғы 2-тоқсанда жұмыссыздық деңгейі—4,9%. Жастар арасындағы (15-24 жас аралығы) жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ға дейін төмендеді, бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болып отыр–АҚШ (8,7%), Австралия (11,8%), Канада (11,3%), Швеция (16,4%).
Жұмыспен қамтылғандар статусының халықаралық классификациясына (ISCE-93) сәйкес жұмыспен қамтылудың екі түрі бар–жалдамалы жұмыскерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Басқа елдер сияқты Қазақстанда да осы классификация негізінде статистикалық есеп жүргізіледі.
2010 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 24%-ға 2064 мың адамға қысқарды, 1997 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың деңгейі 34%-ды болды. Жалдамалы жұмыскерлердің саны, керсінше, жыл сайын көбейіп келеді, оның саны 1164 мың адамды немесе 21,5%-ды. Жалдамалы жұмыскерлердің ең төмен саны Солтүстік Қазақстан облысында 216,9 адамға дейін өсіп 1,1%-ды, ал жоғары саны Алматы облысында 721,2 мың адамға дейін өсіп – 51%ға жетті.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың барынша аз қысқаруы Қызылорда облысында (115,6 мың адамға дейін) - 5,1%, Батыс Қазақстан облысында (117,3 мың адам), ал жоғары көрсеткіш – 63,6%-ға Қарағанда облысында (52,9 мың адам) байқалады.
Соңғы жылдары жалдамалы қызметкерлердің, әсіресе әлеуметтік экономикада өндіріс саласынан қызмет көрсету саласына ауысуы еңбек нарығындағы негізгі үрдіс болып отыр.
Өзге де қызметтерді көрсету саласындағы өсім 117,6%-ды (+82,6 мың адам), тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету саласында 80,1%-ды (+65,9 мың адам), әкімшілік қызметте – 73,9%-ды (+119,6 мың адам) құрайды. Жалдамалы жұмыскерлердің саны тау-кен өндіру саласында 41,8%-ға (+80,9 мың адам) өсті, ал өңдеуші өнеркәсіпте ол 4%-ды (+25,2 мың адам) құрап отыр.
Экономика салаларында жалдамалы жұмыскерлер санының негізгі өсімі олардың ауыл шаруашылығынан кету есебінен болып отыр, ондағы жалдамалы жұмыскерлердің саны 29,6%-ға 434,9 мың адамға қысқарған.
Білім берумен қамтудың жоғары деңгейінің арқасында жоғары білімі бар жалдамалы жұмыскерлер санының өскені байқалады, 2010 жылдан бастап 2018 жылғы 2-тоқсан бойынша 52%-ғанемесе 1 038 мың адамға өскен.
Қалаларда жоғары білімі бар жалдамалы жұмыскерлер басым болса (шамамен 51%), ал ауылдық жерлерде, керсінше, арнайы орта білімі бар жұмыскерлер басым (шамамен 39%).
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2010 жылдан бастап шамамен төрттен бірге қысқарды. Жұмыспен қамтылғандар статусының халықаралық классификациясына (ISCE-93) сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық ұғымы «жұмысты жалданбай, ақысы тауар немесе қызмет ден алынатын кіріске (нақты немесе ықтимал) тікелей тәуелді болатын адамдар»деп түсіндіріледі. Қазақстанда бұларға жұмыс берушілер, отбасылық кәсіпорындардың ақы алмайтын қызметкерлері, өндірістік кооперативтердің мүшелері жатады.
Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік еркіндігі жеке бастамалардың дамуына жағдайлар жасады. Бүгін өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 90%-нан астамы (1,9 млн. адам) нәтижелі дара кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер болып табылады. Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейі жалпы жұмыспен қамтығандардан 24% десек, бұл Түркия, Греция, Мексика, Оңтүстік Корея сияқты елдердегі деңгейге сәйкес келеді, олардағы өзін-өзі жұмыспен қамту үлесі жұмыс күшінің 25%-ын құрайды.
Өңірлер бөлінісінде жұмыспен қамтылу құрылымындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ең жоғары деңгейі Түркістан (43,6%), Батыс Қазақстан (35%), Жамбыл(33,7%) жәнеҚызылорда (32,9%) облыстарында байқалады. Ең төмен деңгейі – Маңғыстау (8,5%), Алматы (7,3%) және Астана (6,7%) қаларында.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны бойынша Түркістан облысы (358,9 мың адам), Алматы облысы (273 мың адам) және Шығыс Қазақстан облысы (200,6 мың адам) алғы қатарда. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ең төмен саны Маңғыстау (24 мың адам), Атырау (30,9 мың адам) және Қарағанды (52,9 мың адам) облыстарында байқалады.Республикалық маңызы бар қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны қатты жоғары емес: Астана (35,7 мың адам) және Алматы (70 мың адам).
2018 жылғы 2-тоқсандағы қорытынды бойыншасалалық құрылымда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны ауыл шаруашылығында (38% немесе 792,2 мың адам) және сауда (32% немесе 670,2 мың адам) саласында басымырақ. 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығында өзі-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны 885 мың адамға төмендеу үрдісі байқалады,ал өзге қызмет көрсету (+44 мың адам) және құрылыс (+26 мың адам)саласында барынша өскен.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың негізгі бөлігі–1,3 миллион адам (63,2%) ауылдық жерлерде тұрады, олар негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады (54%). Сонымен қатар, қаладағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 759 мың адам немесе 36,8%. Ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қарағанда, қаладағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саудамен (49,4%) айналысады. Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 9,7%-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылған, яғни тіркелмеген немесе жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін немесе ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатын қызметкерлер.
Қазақстан бейресми жұмыспен қамтылудың қазіргі деңгейімен Финляндия–18%, Германия–16%, Австрия–16% және Франция–15% сияқты елдермен бір қатарда. Бейресми жұмыспен қамтылу жалдамалы жұмыскерлер (бейресми жұмыспен қамтылғандардың жалпы құрылымында 57,6% немесе 799 мың адам), сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында (бейресми жұмыспен қамтылғандардың жалпы құрылымында 42,4% немесе 588 мың адам) байқалады.
Бейресми жұмыспен қамтылғандардың көбісі сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелмей, жалданып жұмыс жасайды. Бейресми жұмыспен қамтылу себептері жоғары салық жүктемесіне, бизнесті тіркеу мен есептілік ұсынудағы қиындықтарға байланысты болуы мүмкін.
«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын артыру» бағыты бойынша 1278 отбасы ерікті қоныс аударуға қатысты. 1150 мың адам жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастырылды. 73 адам кәсіпкерлікпен айналысып жүр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырғаны белгілі. Бірыңғай жиынтық төлемнің көлемі қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК. 2019 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 2 525 теңге болады. 2 525 теңге төлеген қалада тұратын қазақстандық айына аударымды бірден төрт бағыт бойынша жүргізеді—жеке табыс салығы, БЗЖҚ-дағы өз шотына зейнетақы жарнасын аудару, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударым жасайды. Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар толықтай зейнетақымен қамсыздандырылады, жоғарылатылған көлемде базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады, ал бұл еңбек өтілінің есепке алынуымен байланысты. Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ММС енгізілгеннен кейін толық көлемде медициналық қамсыздандыруға қол жеткізе алады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА