Жуырда №1 орта мектептің акт залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Жаңа қазақ әліпбиі емлесінің ережелері» жобасын түсіндіру мақсатында құрылған жұмыс тобы кездесу өткізді. Жиынға аудандағы ауыл, ауылдық округ мамандары мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Жиынды аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сара Ноғаева жүргізді. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандитаты Бақытгүл Ысқақова латын әліпбиіне көшудің басты мақсатын жеткізіп, жаңа әліпбидің емлесін түсіндіріп өтті. Ол арнайы слайд жасақтап, жаңа әліпбиі бойынша әріптердің сөздің басында, ортасында және соңында қалай жазылатынын көрсетіп, оның оқылуында айшықтап берді.
Мұғалімдер оқылуы кезінде және кейбір әріптердің бас әріппен жазылған кезде балаларға қиындық туғызатындарын айтты. Сонымен қатар түсінбеген тұстарын сұрастырып, филиология ғылымдарының кандитаты Бақытгүл Дәутбекқызынан толымды жауаптар алды.
Гүлнара БЕКҚАЛИҚЫЗЫ