«Тазалық – денсаулық кепілі» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Тазалық жоқ жерден құт-береке қашады. Құт-береке кеткен жерден жақсы нәрсе күту мүмкін емес.
Осы күнге дейін ауыл ішінің тазалығымен айналысып келе жатқан арнайы мекемелер қоқыс жинап, полигонға тасып, өз қызметтерін қалтықсыз орындау үстінде.
Алайда кейбір азаматтарымыздың кесірінен келеңсіз оқиғалар болып тұрады. Атап айтар болсақ, C.Килибаев ауылдың шет жағына қоқыс қалдықтарын төгіп жатқан жерінен көзге түсті. Аталған азаматқа белгіленбеген жерге қоқыс төккені үшін әкімшілік шара қолданылып, сотпен 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 12025 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыпты азамат қоқыс төгілген жерді тез арада тазартып, қайта қалпына келтірді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстау әкімдігіне ұры түстіАлдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті органдар тарапынан әртүрлі іс-шаралар атқарылатын болады.
Ауылымыздың барша тұрғындарын өз үйінің ғана емес, сол тұрып жатқан ауылының таза және көрікті болуына өзіндік үлесін қосуға шақырамыз. Сондықтан ауылымыздың көркеюіне өзге емес, бірінші кезекте өзіміз бастап атсалысайық, қадірлі ауылдастар!
С.КӨКШЕЕВ, Бейнеу селосы әкімінің орынбасары