Қарақия аудандық мәдениет үйінде құтқарушылар күні аталып өтті. Шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Ә.Түрікменбаев құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегі елеулі болған азаматтарға ауданның 45 жылдық мерекелік медалін тапсырды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М.Мұханбетов те құттықтау білдіріп, бір топ азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар жұмыс барысында қаза тапқан ардақты азамат Қуаныш Аманжановтың құрметіне үнсіздік жарияланып, оның отбасына алғысын білдірді. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, от шашумен аяқталды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Басты сурет сайттың архивінен